«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Энергетикада көмірдің үлесі жоғары

2017 жылғы 06 Қыркүйек
4409 просмотров

Қазақстан-Польша бизнес-форумында Энергетика және тау-кен қазу өнеркәсібі тақырыбына арналған панельдік сессия өтті

Сессияға Польша Республикасы Энергетика министрлігі Инновация және технология департаментінің директоры Матеуш Кендзерски,  «Самұрық-Энерго» АҚ атқарушы директоры Ғани Сәлімжуаров, «Ястшенбск көмір компаниясы» АҚ директоры орынбасары Йоланта Грушка, сондай-ақ энергетика саласында еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер қатысты.

Ғани Сәлімжуаров Қазақстандағы көмір өндірудің әлеуетін айтты.

«Энергетика саласында әлем бойынша көмір әлі де доминантқа ие. Көмір генерациясы қарқынды, мәселен әлемде көмірмен жұмыс істейтін 1200 станция салынып жатыр. Сондықтан көмір алдағы 20 жылда өз позициясын сақтап қалады. Оның негізгі басымдығы – энергетикалық құндылығы мен өзіндік құнының арзандығы. Қазақстанда көмір генерациясы негізгі энергия көзі.», – деді Ғани Сәлімжуаров.

Спикер Екібастұз көмір кешенінде жұмыс істейтін «Богатырь Көмір» ЖШС көмірді ашық өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың бірі екенін айтты. Бұл компания «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіреді. Бүгінде «Богатырь Көмір»  компаниясы үлесіне Екібастұзда өндірілетін жалпы көмір көлемінің 60% тиесілі. Көмірдің балансытқ қоры 2,75 млрд тоннаны құрайды. Компания жылына 42 млн тонна көмір өндіреді.

«Компания Назарбаев Университетімен бірлесіп, ғылыми зерттеулер жасап, зертхана құрмақ. Екібастұз көмір байытуға қиын келетін көмір. Сондықтан ғылыми шешімдер, жаңа жобаларды дамыту қажет»,– деді спикер.

Спикердің айтуынша Екібастұз кешенінде көмірді өндіру жылдан жылқа қиындап келеді. Өйткені шахталардағы жұмыстар жер қабатынан 280 метр тереңдікте жүргізіліп жатыр.

Шара барысында Польша мамандары Польша үшін тау-кен қазу секторының маңыздылығын атап өтті. Бұл мемелекет көмір шахталарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қордың әлеуетін сынау үшін адам ресурстарын емес дрондарды пайдалануды жетілдіруде.  

Жалпы Польшада көмірқышқыл газдың ауаға таратылуын азайту бойынша кешенді жұмыс атқарылуда. Ал ол үшін электромобильділік саласын дамыту керек. Энергетика саласында польшалық әріптестердің тәжірибесі мол. «Астана» Халықаралық қаржы орталығында Қазақстан мен Польша кәсіпкерлері энергетика саласында тиімді жобаларды іске асырады деп күтілуде.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер