«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңнамадағы ҚҚС-ке қатысты қайшылық қызметті тежейді

2017 жылғы 04 Қыркүйек
- Павлодар облысы
8945 просмотров

Арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін салынатын ҚҚС мәселесі түйткілді

Арнайы экономикалық аймақ өңір бизнесін дамытудың оңтайлы алаңына айналу үшін жасалған. Мұнда, әсіресе, қарастырылған салықтық артықшылықтар ерекше жағдай тудырады. Алайда, іс жүзінде Арнайы экономикалық аймаққа қатысып отырған кәсіпкерлердің жолында бірқатар кедергі туындады.

Көп мәселенің бірі жайлы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Лашын Баймағамбетова бөлісті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына «Каустик» АҚ Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылары үшін ҚҚС есептеудегі салық мәселесіне қатысты өтінім жолдаған.

Лашын Баймағамбетованың айтуынша, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 244-бабына сәйкес АЭА аумағында тауар өткізуде ҚҚС нөлдік мөлшермен есептелінеді. Алайда, АЭА аумағына әкелінген тауарларды өткізу кезінде ҚҚС бойынша жеңілдік қарастырылмаған.

«Тәжірибеде ҚҚС кәсіпкерлердің басты уайымына айналды. Себебі нөлдік мөлшерлеме қатысушы қажетті тауарды сатып алғанда ғана есептелінеді. Ал өзі өндірген тауарын өткізгенде ҚҚС 12% мөлшерлемемен есептелінеді», – деп хабарлады Лашын Баймағамбетова.

Шындығында кәсіпкер шығыс ҚҚС айналымы кіріс ҚҚС айналымынан көп екенін анықтағанда ғана әкімшілік кедергінің орын алғанын білген.

«ҚҚС-тің екі түрі – есептік және аударылғанның арасында айырмашылық туындап отыр. Бұл кәсіпкерге салық ауыртпалығын айтарлықтай салады», – дейді палата өкілі.

Дәл осындай мәселе Павлодардағы кәсіпорын «УПНК-ПВ» ЖШС-да да туындады. 2012 жылдан бастап «Павлодар» АЭА қатысушы болып отырған аталған серіктестікте де салық мәселесі орын алған.

Лашын Баймағамбетованың айтуынша заңнамадағы олқылықтар кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Бұл жерде бизнестің шағымы орынды.

Аталған мәселені зерттегеннен кейін Кәсіпкерлер палатасы Салық кодексіне өзгерту енгізуге қатысты ұсыныс дайындады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер