Билік пен бизнестің өзара тиімді қатынасы нәтиже беруде
Бизнес-омбудсмен, «Атамекен» және Ұлттық экономика министрлігі бизнесті дамытуда бір бағытта жұмыс істейді
Астанада Еуразиялық экономикалық одақ аясында өткен Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің бірінші форумында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин билік пен бизнестің өзара тиімді байланысы жайында баяндады.
«Бүгінде шағын және орта бизнес – бұл мемлекет әл-ауқатының негізі. Сондықтан алдымыздағы меже – шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына қолайлы жағдай жасау. Осы бағытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстанның бизнес омбудсмені өзара тиімді жұмыс атқаруда. Бизнесті жан-жақты дамыту мақсатында ортақ тәсілдер құрылды», – деді вице-министр.
Спикердің айтуынша, бақылау-қадағалау жұмысы, ақпараттық құралдар, монополистер және квазимемлекеттік субъектілерімен берілетін рұқсаттарды қайта құру; өзін-өзі басқару институтын дамыту; «Реттеуші әсерді талдау» интситуты мүмкіндігіні кеңейту; бәсекеге қабілеттілікке кедергі болатын нормаларды анықтау бағытында заңнаманы дамыту; бизнестің барлық шығындарын фронтальді азайту, Doing Business рейтингінде позицияны жақсарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бақылау, тексеру жұмысына жасалған талдау нәтижесі мемлекеттік органдар бақылауы бизнеске ауыртпалық әкелетінін аңғартып отыр. Осы ретте алдын ала бақылау тәсілі ұсынылуда. Яғни, кәсіпкерге бірінші тексеруде тек ескерпе жасалатын болады.
«Жалпы мемлекеттік бақылауды қайта құру арқылы 2018 жылы тексерулер санын 30%-ға азайтуға жол ашады, бұл 70 мыңға жуық тексеруді құрайды (2016 жылы 101 мың тексеру тіркелді), ал 2020 жылы тағы 10%-ға азайту көзделген», – деді спикер.
Жалпы 540 мемлекеттік бақылау қадағалау функциясының ішінде 165 қайталама тексерулерді алып тастау, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша барлық 30 497 талаптың ішінен 17 654 талапты қысқарту ұсынылды. Осылайша талаптар халықтың санитарлық-эпидимиологиялық саламаттылығы саласында талаптар 85%-ға, өрт қауіпсіздігі саласында – 72%-ға қысқартылды.
«Экономиканы дамыту бойынша қарқынды жұмыс арқылы Қазақстан жұмысы халықаралық деңгейде бағаланып отыр, Дүниежүзі Банкінің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 35-орынға ие болып, 16 сатыға көтерілді. Ал Дүниежізілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестік индексі рейтингінде Қазақстан көрсеткіштерін 8 сатыға жақсартып, 38-орынды иеленді», – деді вице-министр.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің бизнес үшін басымдықтарын атап өтті.
«Аталған құжатттың иделогиясы адал салық төлеушінің мүддесі қорғауға бағытталатын болады. Біріншіден, барлық түсініксіз, күмәнді жайттар салық төлеуші пайдасына шешілетін болады. Бүл әдіс салықтық дауларды әділетті қарасытруға мүмкіндік береді. Екіншіден, егер салық төлеуші салық органы түсіндіруіне сәйкес әрекет етсе, ал түсіндірме бойынша позиция өзгерген болса, онда айппұлдар мен өсімпұлдар алынып тасталады. Үшіншіден, салыққа тағы қосып есептеуді негіздеуге талап күшейтілетін болады. Енді салықтық тексеру актілерінде сәйкес негіздемелер болуы шарт. Төртіншіден, заңнаманы зерделеу үшін бизнеске көбірек уақыт берілетін болады. Өзгертулерді 1 шілдеге дейін қабылдау ұсынылып отыр. Бесіншіден, көптеген тексерулерден жыл бойына қорғану пайда болады», – деді спикер.
Өз алдында Ресей Федерациясының сауда өкілі Яковлев екі елдің сауда айналымы жайында хабарлады.
«Қазақстан мен Ресей арасында жылдан жылға сауда-саттық артып, өңірлер расында байланыс жақсарып келеді. ЕАЭО аясында екі ел сауда айналымы 2,4%-ға өсті. Ресейдің тауар айналымыда қазақстан бірінші орында тұр, екінші орында – Қытай. Екі елдің инвестициялық ынтымақтастығы жақсы, 1 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Бүгінде Ресейдің ірі бизнесі түгелдей дерлік қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Ресей өнімдері Қазақстанда жақсы сұранысқа ие. 2016 жылы Ресей Қазақстанға 1 млрд АҚШ долларын салса, Қазақстан Ресейге 800 млн АҚШ долларын салды», – деді А.Яковлев.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі презентациясының толық нұсқасы
Пікір қалдыру:
Пікірлер: