«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің мақсаты бір

2017 жылғы 02 Қыркүйек
4091 просмотров

Форум – кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғаудағы тәжірибе алмасу алаңы

Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов тәжірибе алмасу маңыздылығын атап өтті.

«Ресей Федерациясы – негізгі экономикалық серіктес. Ынтымақтастық қалыптасқан жылдар ішінде 6000-ға жуық бірлескен кәсіпорын ашылды. Ресей бизнес-омбудсмені институтымен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Мәскеуде, Атырауда кездесулер өткізіліп, кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүддесін қорғаудағы тәжірибе алмасу тұрақты түрде жүргізіліп отыр», – деді Қазақстан бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл шекараға жақын аймақтарда екі елдің шағын және орта бизнесін дамытуға барынша мүмкіндік беру керектігіне баса назар аударды.

«Тәжірибе алмасу әрдайым қажет әрі пайдалы. Бүгінгі Форум секілді алаңдар тиімді де жемісті тәжірибеге негіз болары анық. Бизнес-омбудсмен мақсатының бірі – өзге елде қиын жағдайға кезіккен отандық кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, олардың қажетті көмекті алуына жағдай жасау», – деді Болат Палымбетов.

Болат Палымбетовтың айтуынша, Қазақстанда бизнес-омбудсмен институты осыған дейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қалыптасқан құқықтық алаңда өз жұмысын жалғастырды. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдай жасау, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді серіктестікті дамыту мақсатында құрылған бірегей ұйым. 2013 жылы қабылданған «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңда Палатаның қызметі нақты айқындалған. 2016 жылы күшіне енген Кәсіпкерлік кодексінде Қазақстан бизнес-омбудсменіне жеке бір бөлім арналды. Қажетті құқықтық база қалыптасқаннан кейін Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын өкілетті институты құрылды», – деді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

 

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов кәсіпкерлердің заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғауда Қазақстанның тәжірибесіне  қызығушылық танытып, екі елдің  бизнес-қоғамдастығы үшін бүгінгі іс-шара  аса маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар екі елдің кәсіпкерлік саласындағы ұқсастығы мен мақсат-міндеттерін ерекше атап өтті.

«Екі мемлекеттің алдында ұқсас мәселелер мен міндеттер тұр, – деді Борис Титов. – Оның ішінде ел экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру, жеке бизнесті дамуыда жағдайды жақсарту, әкімшілік бақылауды азайту. Қазақстанда осы бағытта жасалып отырған жұмыста да  Ресейдегідей негізгі серіктес Бас прокуратура екен. Қиындықтар бар әрине, бірақ Қазақстан билігі әкімшілік кедергілерді жоюда нақты шешімдер қабылдап отыр. Бүгінгі форумның басты мақсаты – өзгелердің қателігін зерттеп, тәжірибе негізінде оңтайлы шешімдер табу».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер