«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» мен Денсаулық сақтау министрлігі медициналық сақтандыру жүйесіне өзгерістер енгізеді

2017 жылғы 31 Тамыз
2917 просмотров

Бірлескен шаралар бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға тигізетін жағымсыз әсерді азайтуға мүмкіндік береді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың кездесуі өтті. Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Комитетінің төрағасы Жамболат Сәрсенов пен тәуелсіз экономист, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев қатысты деп хабарлады tengrinews.kz.

Жиын барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасы талқыланды.

Тимур Құлыбаев атап өткендей, қазіргі жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне айтарлықтай түзетулер қажет. Ол кәсіпкерлік сектор мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға тигізетін кері әсерді жоюға ықпал етеді.

Елжан Біртанов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұстанымымен келісті. Оның айтуынша бизнес пен сараптамалық қоғамдастықтың алаңдаушылық назарын қабылдай отырып, Министрлік орын алуы мүмкін өзгерістерді талқылауға дайын.

Тараптар таяу уақытта Үкіметке ұсынатын өзгерістердің келісілген нұсқасын бірлесіп қабылдауға келісті.

Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП IV Съезі барысында Үкімет назарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасын енгізуді 2020 жылға дейін шегеру ұсынысы айтылған еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер