«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттің қызмет көрсету сапасына алматылық және астаналық кәсіпкерлердің көңілі толмайды

2014 жылғы 27 Наурыз
8837 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаеваның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бәрінен бұрын астаналық және алматылық кәсіпкерлердің көңілі толмайды.

«Алматы, Астана, Ақтөбе облысында барлығы 30 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заң бұзушылық тіркелген. Сол себептен де, көрсетілген қызмет сапасына кәсіпкерлер де қанағаттанарлықсыз баға беріп отыр. Сондай-ақ, олардан бөлек Солтүстік Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысында да мәселелелер бар», - деді Г.Құрбанбаева.

Оның айтуынша, сауалнамаға 13 мың кәсіпкер қатысып, 389 мемлекеттік органдар бақылауға алынып, қоғамдық мониторингтен өтті. 600 адамнан сұхбат алынып, 141 фокус-топ өткізілді. ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары әрбір екінші кәсіпкер алатын санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны мысалға келтірді .

«Ақтөбеде сауалнамаға қатысқандардың 84 пайызы бұл бағытта жұмыс жүргізілмейтінін айтады. Астаналық кәсіпкерлердің 61 пайызы қызмет көрсету сапасы өте төменгі деңгейде атқарылатынын жеткізген. СҚО, Павлодар мен Таразда сұраққа қатысқандардың 40 пайызы, санитарлық қорытынды өте өрескел заң бұзушылықтармен беріледі деген», - дейді ол.

Қорытындылай келе Гүлнәр Құрбанбаева ҰКП жүргізген қоғамдық мониторингтің нәтижесі толық түрде зерттелетінін жеткізді.

«Барлық 30 қызмет көрсету бойынша бүкіл құжаттарда көрсетілген сандар мен нақты мемлекеттік органдар, қаперге алынып, дұрыстап тұрып сарапталатынына сенім білдіремін. Бұл материалдар тәртіптік іс қозғауға жіберілмек», - деді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер