«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ontustik Business: жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес форумы өтті

2017 жылғы 29 Тамыз
1770 просмотров

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысы апталығы басталды

 Апталық «Ontustik Business: жаңа мүмкіндіктер» атты форумынан басталды. Шараға «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстанның даму банкі Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының бизнес өкілдері қатысты.

«Шымкент қаласы бұл мегополис, шағын және орта бизнестің шоғырланған жері. Өңір экономикасы шикізатқа тәуелді емес, өңдеу өнеркәсібінің әлеует жоғары. Агроөнеркәсіп кешені де жақсы дамыған», – деді форум модераторы Нұржан Әлтаев.  

   

Өңірдегі экономикалық ахуалды Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев баяндады. Спикер форумға келген азаматтарға алғыс білдірді. «2017 жылдың басынан бастап Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асырудың негізгі кезеңі басталды. Өңір тұрақты дамып келе жатыр. Шекаралық сауда-саттық, экспорт деңгейі жақсы. Өңірде 7 бірдей индустриялы аймақ құрылды. Жарты жыл ішінде облысқа 52 мыңнан астам шетел туристі келді. Ауыл шаруашылығы, өсімідік шаруашлығы да өзге өңірлер үшін үлгі бола алады», – деді ОҚО әкімі.

Жансейіт Түймебаев қала тұрғындары мен қонақтарын Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Оңтістік Қазақстан облысы ұйымдастырған көрмеге шақырды.

Аталған форумға арнайы Малайзия делегациясы келді. Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан өзінің тарихи жауһарларымен, жұмсақ ауа райымен, дамыған өңдеу өнеркәсібімен, инвестицияларға қолайлығымен тартымды. Сондықатн өңірде туризмнің әлеуеті зор. «ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығының төрайымы Гүлмира Ахбердиеваның айтуынша облысты тарихи-мәдени туризм, медициналық-емдік туризм және этникалық туризм дамып келеді.

«Ұлы Жібек Жолында орналасқан өңір сауда-саттық жолдарды жандандырмақ.  Отырар, Сауран, Сайрам, Туркістан – өңірдің жауһарлары. Ахмет Йассауи кесеңесі көне сәулеттің жәдігері.  Табиғаттың өзі туризммен айналысуға жол ашады. Өңірде туризм бойынша 3 ірі инвестициялық жоба қолға алынған. Оның бірі Түркістан қаласын Түрік әлемінің мәдени астанасы ету. Даму концепциясы әзірленген. Кесене жанына этно қалашықтар, қонақ үйлер салынады. Екінші жоба бойынша – Сайрам тау курорты салынбақ. Трасса ұзындығы – 34 шақырымды құрайды, кешен бірден 5 мың адамды қабылдайтын болады, бұл қосымша 1500 жұмыс орны. Үшінші инвестициялық жоба бойынша Сарығаш курортын 6 есеге дейін ұлғайту көзделген. Жалпы өңірде 7 ай жаз, бұл жағажай бизнесі үшін қолайлы», – деді Гүлмира Ахбердиева.  

 Өңірдегі кәсіпкерлік қолдау шаралары жайында  Қазақтанның даму Банкі Басқарма Төрағасы Болат Жамішев баяндады.

«ОҚО әлеуеті бизнес дамытуда өте жоғары. Дағдарыс жылдарың өзінде бұл өңірде өсу байқалған. Бизнес белсенді дамып жатты. Әкімшіілк кедергілерді азайту бойынша мемлекеттік қолдау жүргізіліп жатыр.  Бұл шаралар ОҚО кәсіпкерлеріне оң әсер етті.   Индустряилық аймақтар жақсы дамуда. Мәселен, бір өңірде бір ғана индустриялық аймақ құрылса, Оңтүстік Қазақстанда бірден   7 индустриялық аймақ іске қосылды. Осылайша Даму банкі бөлген қаржының бәрі ОҚО-ға кетті. Бүгінде аймақтар белсенді  жұмыс істеп отыр», – деді Болат Жәмішев.

Спикер сонымен қатар іске аспай қалған жобаларды да айтып кетті. «Тарих екі бағыттада: сәттілік пен сәтсіздіктерді айтады. Мәселен,  мақта индустриясын көтеру іске аспай жатыр. Өйткені көрші Тәжікстанда көлем жағынан көбірек, бағасы арзан әрі сапалы мақтса жиналады. Бұл мемлекетте жұмыс күші де арзан. Біз Тәжікстаннан арзан баға ұсына алмаймыз. Яғни қазіргі атңда мақта өңдеу өнеркәсібі жоқ, біз тек шағын ғана шикізат жинаушы мемлекетпіз», – деді Болат Жәмішев.

Өз алдына Нұржан Әлтаев Қазақстан ЕАЭО мүше мемлекеттері арасында жалғыз мақта өсіруші ел екенін атап өтті. Өңірге бәсекеге қабілетті текстиль, тоқыма, мақта өңдірісін дамыту қажет.

 

Шара барысында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре,  Қазақстандағы «HeidelbergCement» компаниясының стратегиялық даму жөніндегі директоры Борис Найденов, «Өсірушілер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Мақсат Абдукаримов өз салалары бойынша баяндама жасады.

Шара соңында ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт  пен Жапония компаниясының өкілі Таккоши Маена өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар Қытай мен ОҚО арасында меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар ОҚО экономикасы дамуына оң әсер етеді деп күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер