Цифрландырудың ортақ стандарттарын қабылдау – бәсеке қабілеттілікті арттырады
«Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форумы аясында «ЕАОЭ құрылымын цифрландыру. «Экономикаға жаңа көзқарас» атты панелдік сессия өтті
Сессияға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисян, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпарат және байланыс министрліктері өкілдері қатысты. Цифрлық кеңестікте бизнестің жаңа бағдары, электронды сауда алаңдары мен ортақ нарықтар әлеуеті талқыланды.
Форумның алғашқы пленарлық отырысында цифрландыру үдерісін тілге еткен Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисянның бірлесу, ортақ стандарттарды қабылдау мәселесі панельдік сессияда жалғасын тапты.
Бірыңғай цифрландыру, біріншіден, ортақ нарық, ортақ сауда айналымда тауар, жұмыс, қызмет түрлерінің еш кедергісіз сатылмақ түсуі, кедендік тексерісте, фито-санитарлық рұқсатнамаларды алуда кедергілерді жою үшін қажет екенін Еуразиялық экономикалық одақ Цифрлық тәртіп комитетінің төрағасы, «Инфопарк» ғылыми-техникалық қауымдастықтың бас директоры Владимир Басько хабарлады.
Дүниежүзілік банкі Орта Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук цифрландырудың болашақтағы қарқынды дамуы жайында сөз қозғады.
«Баршамыз қуатты цифрлық революцияға куә болып отырмыз. Осыдан 20 жыл бұрын мұндайды тіпті елестету қиын еді. Цифрландыру өмірімізді өзгертті, жұмыс, бизнестің бәрі цифрландыруға бақытталуда, бұл үдерістер уақыт өте келе тездетіледі. Өмір сапасын жақсарту, технологияларды дамытуда цифрландыру басты ойыншы. Цифрлық технологияларды түсіне отырып, Дүниежүзілік банк былтыр цифрландыру бойынша «Цифрлық дивидендтер» атты баяндама жасаған болатын. Дивиденттердің жалпы экономика дамуында әсері зор. Цифрландыру технологиялардың дамуы Банк үшін маңызды. Нормативті құқықтық актілерден бастап, жұмыс процестердің өзі өзгеріске ұшырайды, бейімделу керек. Комиссия мен Дүниежізілің банк ортақ цифрландыру мүмкіндіктерін саралаған болатын. Бұл үдеріс жүріп жатыр. Цифрландыру одақтас мемлекеттер арасында ашықтықты қамтамасыз етіп, шекараларды жояды. Өңір үшін осындай трансформация қажет. Банк та осы үдеріске қатысқысы келеді», – деді Лилия Бурунчук.
Қазақстандағы цифрландыру үдерістің ахуалын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.
«Мемлекеттің цифрлауда айтары бар, үдеріс жүріп жатыр. Биыл қыркүйекте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдаймыз. Дүниежүзі Банкіне алғысымды айтқым келеді, баяндама қызықты. Алайда цифрландыру үдерісін тек қана өңір деңгейнде қарау – қателік, оны әлем деңгейінде қарастырған жөн. Форум аясында қандай шешім қабылданбаса да талықлаулар нәтижесі біздің мемлекетке пайдалу болуы керек. Одақ үдерісі Қазақстанның циффрлендіру үдерісін кенжелетпеуі қажет. Цифрлауда әр мемлекет әр түрлі деңгейде, ешкім ешкімді күтпейді. Қазақстанның өзі бағдары бар, жолы бар. Қазақстан халқының 47% ауылдық жерде тұратынын ұмытпаған жөн, дәл қазір инфрақұрылымды құрмасақ, бізге оңай болмайды. Екінші ақпараттық-коммуникациялық мамандарды оқыту, мұғалімдерді оқыту арқылы креативті қоғамды қалыптастыру мақсаты тұр. Үшінші – экономиканың барлық салаларын цифрландыру, мемлекеттік органдар қызметін цифрлеуді қолға алдық. Осы міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта 100 шара жоспарланған, жауаптылар белгіленген. Осы жоспарды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның цифрландырудағы келбеті айтарлықтай өзгереді», – деді министр Дәурен Абаев.
Халықаралық қоғамдастық цифрлеуді ұлттық құндылықтарды ысырап тастап, бір арнаға салуды бір ауыздан айтты. Экономиканы дамыту ол саясат емес, сондықтан бірігу маңызды делінді.
Шара барыснда Армения, Қырғыстан өкілдері өз мемлекеттеріндегі цифрландыру үдерісі жайында таныстырымдар жасады.
Цифрландыру қағазбастылықтан арылтады, саудадағы шекараларды жояды, уақытты үнемдеуге жол ашады, ақша айналымдарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы бұл артықшылықтары жақсы біледі, ауқымды жұмыс жоспары бар. Қазақстан Одақ идеясын қолдайды, алайда, бірінші кезекте, мемлекет ішкі инфрақұрылымды реттеп, жетілдіруді қолға алмақ. Уақыт күттірмейді, ал ЕАЭО жоспары ұзақ мерзімді күрделі процесс екеніне назар аударылды.
Шара барысында мемлекеттердің цифрландырудағы әлеует бар екені байқалды. Революция басталғанын форум қатысушыларының барлығы да айтып отыр.
«Цифрлық экономика деген не?» деп сауал тастаған Ресей Федерациясының өкілі Шопин Сава сауалды түсіндіріп көрді: «Қоғамда цифрлық экономика жайында әлі де нақты түсінік жоқ. Ресейде 5 бағыт енгізіліп жатыр. Не өзгереді? Біріншіден, не түсінеміз соны енгіземіз. Заңнамаларды өзгерттік, интернет, жасанды интеллектті реттеу, әлі де толық шешімдер жоқ. Енді ескі форматта өмір сүру мүмкін болмайды. Осындай ұлттық ерекшеліктер ЕАЭО шарттарымен келісе ме? Жалпы кім тез өзгеруге ұмтылмаса, сол жеңеді».
Ресей банкінің өкілі Алиса Мельникова цифрландыру банк деңгейінде әлде қайда жоғары екенін айтты.
«Бүгінде банк қызметтерін ІТ-компаниялары тартып алып жатыр. Банктер бөлек-бөлек жұмыс істейді. Халық зардап шегеді. Ресейдегі банкты цифрлау стандартизацияға бағытталған. Цифрлауда бірыңғай стандарт болғаны жақсы», - деп ұсыныс білдірді Алиса Мельникова.
Шара барысында цирландырудың бір бағыты ретінде электронды сауда аландары, олардың әлеуеті жайында талқылаулар өтті. Жалпы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің цифрландыру үдерісі бірыңғай стандарттарға негізделелетіндігі әлі де ашқы күйде қалған мәселе. Стандарттар, осы бағыттағы үдеріс ахуалы уақыт еншісінде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: