«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық апта: интреграция үдерісі жүріп жатыр

2017 жылғы 24 Тамыз
1678 просмотров

Қазақстан Еуразиялық одақ дамуының орталығы болмақ

«ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форумы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден басқа 17 мемлекеттен 250-ден астам спикердің басын қосты. Жаһандық бизнес назары Қазақстанның Астанасына аударылған.

Форум жұмысы «Құбылмалы әлемдегі бәсекелестікке қабілеттілік: жаңа модельдер, технологиялар, басқару формалары» атты пленарлық отырыстан басталды.

Форумға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисян, Central and Eastern Europe өңір жетекшісі Филипп Рогге, Ресей Федерациясы Басқарма төрағасының орынбасары Игорь Шувалов, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары, Вьетнам, Сербия, Сингапур елдерінің өкілдері келді.

Әлем нарығында құрамына бес мемлекетті біріктірген Еуразиялық экономикалық одақтың өз таңбасы бедерленіп келеді, экономиканың әр саласы бойынша оң серпін байқалып отыр. Келешекте қарқынды даму үшін сүбелі шешімдер мен батыл қадамдар қажет. Апталықта даму мен интеграцияның маңызды бағыттары талқанады.

Жиында индустриялық кемелденудеге жол ашатын заманауи даму модельдеріне бастап, жетекші инновациялық технологияларды енгізуге дейін тәсілдер талқыланады. Форумның мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық, инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі даму мен ортақ кеңістікте орын алып отырған кедергілер жайында Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисян баяндады.

«Ортақ нарықтарымыз толыққанды жұмыс істеуі үшін алдымыздағы барлық кедергілерді бірлесіп шекеніміз жөн. Одаққа мүше бес мемлекет те ортақ позициция мен кедергілерді жою бойынша бірыңғай карта құруға келісімдерін берді. Одақ алдында шешілмеген 60 кедергі бар. Оларды талқылау керек.

Одақ әлі жас, алдымызда дамудың ұзақ жолы. Осы даму жолында цифрлеу үдерісі тұр. Әр мемлекет бұл үдерісті өзінше шешіп жатыр. Әркім өзінше цифрлауды енгізге бұл да қосымша кедергілерді алып келмей ме деген сауал туады. Мәселен Қытай Халық республикасы қазір Еуропа экономикалық одақпен цифрлеу бойынша ортақ стандарттарды ұстану бойынша келісімдер жүргізіп жатыр. Осы екі тарап келіспе қалса Жібек Жолы дамуына кедергі болады. Сол сияқты ЕАЭО Қытаймен цифрла бойынша ортақ мәмілеге келмесе Жібек Жолы торбаның дамуына қосымша кедергі болмақ. Сондықтан осы жаңа тенденцияға бейімделу керек, ортақ шешімдер қажетті», – деді Тигран Саркисян.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақпен 50-ден астам мемлекет байланыс орнатқысы келеді, қызығушылық жоғары. Одаққа мүше мемлекеттер басшылары алдымен интеграцияны тереңдетудң дамытпақ.

«Еуразиялық бірлік, ынтымақтасытқ идеясы Қазақстан Республикасы Президентіне тиесілі. Цифрлау әлемдік тенденцияға айналды. Осы үдерісті тездету керек. Батысқа бір телміріп, Шығысқа бір қарасақ, кенжелеп қаламыз. Күшімізді біріктіріп, ортақ стандарттарды қабылдау жөн. Ұлттық ерекшеліктерімізді артқа тастап, Ұлттық бюрократияны шеттеп, экономикалық тұрғыдан бірігі қажет. Ал осы үдерістің орталығы Қазақстан болуға лайықты. Ол үшін Қазақстанда барлық тетіктер мен мүмкінідктер бар», – деді РФ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов.

Шара барысында ҚР Вице-министрі Асқар Мамин Қазақстанның жаңғыру бағдарламасын тілге тиек етті. Темір жол, тас жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын айтып, танзиттік дәліздер жақсарып жатқанына назар аударды. Одаққа мүше мемлекеттердің төртеуінде теңіз жолдары жоқ. Сондықтан жолдарды жақсарту, кедендік кедергілерді азайту арқылы одақ кеңістігі ұлғайып, үшінші мемлекеттер нарығына жол ашылады, бәсекелестік артады.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер