«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форумы басталды

2017 жылғы 24 Тамыз
4721 просмотров

 «Еуразиялық апта» форумында 17 мемлекеттен 250-ден астам спикер қатысып жатыр

24-26 тамыз аралығына жоспарланған жиында Жас интеграциялық қоғамдастыққа дамудың бірегей  жолын табу мәселесі күн тәртібіне қойылмақ.

Форумның алғашқы күні бірнеше пленарлық отырыс пен семинардан тұрады. Форум жұмысы «Құбылмалы әлемдегі бәсекелестікке қабілеттілік: жаңа модельдер, технологиялар, басқару формалары» атты пленарлық отырыстан басталды.

Жиында индустриялық кемелденудеге жол ашатын заманауи даму модельдеріне бастап, жетекші инновациялық технологияларды енгізуге дейін тәсілдер талқыланады. Форумның мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық, инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру.    

Бірінші кезеңге ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисян, Central and Eastern Europe өңір жетекшісі Филипп Рогге, Ресей Федерациясы Басқарма төрағасының орынбасары Игорь Шувалов, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары, Вьетнам, Сербия, Сингапур елдерінің өкілдері қатысуда.    

Екінші кезеңде «ЕАОЭ құрылымын цифрлендіру. Экономикаға жаңа көзқарас!» атты понелдік сессия, «Мал шаруашлығының генетикалыұ ресурстарын жақсарту мен сақтау. ЕАЭО-да геномді селекция жүйесін құру» тақырыбында семинар өтеді.  Сонымен қатар Экспортты несиелік агенттіктер жетекшілерінің отырыс өтеді. Панельдік сессияға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисян, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпарат және байланыс министрліктері өкілдері қатысады. Цифрлік кеңестікте бизнестің жаңа бағдары, электронды сауда алаңдары мен ортақ нарықтар әлеуеті талқыланбақ.

 «Еуразиялық апта» форумы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жыл сайынғы саммиті. Биыл форум 24-26-тамыз аралығында  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында ұйымдастырылып отыр.

 «Еуразиялық апта» форумы B2B форматындағы байланысты орнату, ЕАЭО-да құрылған бизнеске арналған құралдар мен жағдайларды талқылау, Одақтың стратегиялық дамуынына бағытталған жұмыстың  тиімді алаңына айналады.

Үш күнге созылатын форумда 17 мемлекеттін 250-ден астам спикер баяндама жасайды. Сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттерден 250-ден астам компания көрмеге қатысады.

«Еуразиялық апта» қазіргі заманғы экономикалық жағдайдағы бәсекелестік; ЕАЭО кеңістігінде тауар, қызмет, еңбек пен қаржының бірыңғай нарығы, бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттары мен Одаққа мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер