«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қосымша құн салығы жеңілдей ме?

2017 жылғы 17 Тамыз
13427 просмотров

Салық кодексі жобасында қосымша құн салығына қатысты өзгертулер талқыланды

«Атамекен» алаңында Салық кодексі жобасында қосымша құн салығының әдістемесі бойынша өзгертулер талқыланды. Қосымша құн салығына өзгертулер енгізу Қазақстан Республикасы мүше болған ұйымдардың талаптарын ескере отырып жасалды. Мәселен, жаңа нормаларда ДСҰ талаптары ескерілді.  

Шараға ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, салалық министрліктер өкілдері, мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері, сонымен қатар онлайн байланыс арқылы өңірлерлік кәсіпкерлер қатысты.

Қосымша құн салығы – бизнес саласында маңызды орын алатын, сауда айналымын реттейтін маңызды салық. Сондықтан бұл салымның ашық жүргізілуі, шағын және орта кәсіпкерлікке ауыртпалық салмауы барынша ескерілді.

Салық кодексіндегі қосымша құн салығы бойынша өзгертулер жайында Мемлекеттік кірістер клмитеті өкілі Гүлжан Шаяндина хабарлады.

«ҚҚС-ты есептеудің әдістемесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілген жоқ. Біріншісі ҚҚС салығы шекті мәнін 30 мың АЕК көлемінде өзгеріссіз қалды», – деді Гүлжан Шаяндина.

Аталған құжаттың бизнес тұрғысынан алғанда басты артықшылығы ҚҚС бойынша шектік мәнінің сақталауында – 30 мың АЕК.  Спикердің айтуынша жоспар бойынша 2018 жылы – 25 мың АЕК, 2019 жылы – 20 мың АЕК, 2020 жылы – 15 мың АЕК көлемінде азайту көзделген.  

Қосымша құн салығы бойынша мынадай жеңілдіктер бар:

«2017 жылға дейін бос қоймалар территориясынан тауарларды өткізу және осындай тауарларды қаржы лизингіне беру ҚҚС-тан босату бойынша нормалар қолданыста болды. 2017 жылы уақытша нормалар негізінде бос қоймалар территориясында жиналған және бос қоймаларға 2017 жылға дейін әкелінген автобөлшектер мен қосалқы заттар ҚҚС-тан босатылады. Арнайы инвестициялық шарт аясында автомашина жасауға ҚҚС бойынша жеңілдіктер ұсынылып отыр», – деді Гүлжан Шаяндина.  

Егер берілмек мүлік ҚҚС-сыз сатып алынса, онда мүлікті қаржылық лизинге өткізу ҚҚС-тан босатылады. 

Сонымен қатар ҚҚС бойынша тиімсіз жеңілдіктер алынып тасталады. Оның ішінде ДСҰ шарттарына қайшы келетін нормалар, лоторея билеттері, нотариус пен адвокаттар қызметі, почталық төлем белгілері (импорт, ішкі нарық), зауыттар үшін алтын мен платина өндірісі, ұтыссыз ойын автоматтары, дербес компьютерлер, бильярд, ойын жолақтары, картинг, мемлекеттік баж салығы бар өкілетті органдар қызметіне жүретін ҚҚС жеңілдігі алынып тасталады. Бұл жеңілдіктер тиімсіз деп табылды. Соынмен қатар ДСҰ талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қоланылған саналған ҚҚС-ты 70%-ға азайту алынып тасталады.

Өзгертулерді кәсіпкерлер қызу талқылады. Салық кодексінде ауыл шаруашылығына қолданылатын арнайы режимдер бар. Батыс Қазақстан облысындағы «Ұланов» жеке кәсіпкерлігі Кодексте АӨК өкілдеріне кімдер жататын ашып жазуды ұсынды. «Мәселен, алма терушілер – олар ауыш шаруашылығы өндірушілер, ал сол алмағаштың және басқа да жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызушы кәсіпорын – ауыл шаруашылығы өндірушісі емес. Біздің кәсіпорын көшет өсіреді, біз қай санатқа жатамыз, неге бізге жеңілдіктер жасалмайды?» – деді кәсіпкер.

Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитет өкілі кәсіпкерге Ауыл шаруашылығы министрлігі егер кәсіпорын жұмысын ауыл шаруашылыққа жатқызса ғана жеңілдіктер болатынын тілге тиек етті.

Талқылау барысында арнайы экономикалық аймақ мәселесі көтерілді. Мәселен жаңа заң жобасында бос қоймалар бойынша ғана ҚҚС жеңілдіктері қарастырылған, ал арнайы экономикалық аймаққа қолданылмайды.

 Ал Алматы қаласындағы Қазақстанда бірыңғай лоторея операторы  «Сәтті жұлдыз» АҚ лотореяға қатысты жеңілдік алып тастауға қатысты уәждерн білдірді.   «Жеңілдіктер алынып тасталса, лоторея құны қымбаттайды, халық лотореяны қалай алады? Мысалға компания онсыз да спортқа табыстың 65%, беріп отыр», – деді операторы  «Сәтті жұлдыз» АҚ өкілі.

«Лоторея бойынша жеңілдіктер лотореяны жүзеге асыруға, яғни сатуға салынады, ал ұтысқа ҚҚС қолданылмайтын болады. Сонымен қатар лоторея ол азық-түлік сынды бірінші кезекте тұрған қажеттілік емес, сондықтан осыған дейін қолданылған жеңілдіктер тиімсіз деп танылды», – деді  Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитет өкілі.

Отырыстың екінші бөлімінде ҚҚС-ты қайтаруды әкімшіліктендіру талқыланды. Жаңа Салық кодексінде ҚҚС-ты қайтарудың мерзімдерін ҚР Қаржы министрлігі Басқарма жетекшісінің орынбасары Салтанат Матқұлова айтып берді. Ең бастысы ҚҚС қайтару мерзімдерін 30 жұмыс күнге дейін қысқарту ұсынылды. ҚҚС-ты қайтару қандай тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлері бойынша жасалатыны айтылды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер