Үкіметаралық кеңес отырысында Ресейдің теңіз портына шығуға тең құқықты қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Астанада Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысы өтті
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыснда ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарының дайындығына назар аударылып, тауарлардың бақылану тетіктері, электр энергетикасында сауда алаңдарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО мен Иран арасында еркін сауда амағын құруға негіз болатын уақытша келісім жасау бойынша келіссөз жүргізу талқыланды. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің еңбеккерлеріне зейнетақылық қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасын уағдаласу барысы жайында комиссияның ақпараты баяндалды.
Кеңес отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасы бойынша ҚР Үкіметінің қолдауымен Үкімет басшыларының қарауына Ресей Федерациясының теңіз портына шығуға тең құқық беру мәселесі ұсынылды. Бұл мәселенің талқылануы нәтижесінде РФ үкіметінің «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне кемсітілмейтін рұқсатнама ережесін бекіту туралы» Қаулы тұжырымдамасын қабылдауды жеделдету бойынша Тапсырма қабылданды.
Еске салар болсақ, бұған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп Ресей Федерациясы теңіз порттарының қызметіне тең құқықты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселесі көптеген жиындарда бірнеше рет көтерген еді.
ЕАЭО туралы Келісімшарт бойынша ұлттық заңнама негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің табиғи монополиялары қызметіне тең құқықты қамтамасыз ету қарастырылған. Өз кезегінде, Ресей Федерациясының Кемсітілмейтін рұқсатнама ережесінің жобасын қабылдау ұзаққа созылды, ал отандық жүк жіберушілер экспорттық әлеуетті толық қолдану мүмкіндігі болмағандықтан шығынға ұшырап отыр.
Мұнымен қоса, Үкімет басшыларының Тапсырмасы аясында қазақстандық жүкті ресейлік порт бағытына тасымалдау мен ауыстырып тиеу көлемі туралы Үкіметаралық келісімді бекіту мүмкіндігін қарастыру жүктелді.
Қазақстанның географиялық орналасуын, сондай-ақ ашық теңізге шыға алмайтындығын ескере отырып, Ресей Федерациясының қиыр шығыста орналасқан бағытындағы теңіз порттарының қуатын теңдей пайдалану мүмкіндігі үшінші елдердің нарығына шығудың маңызы зор.
Мұнымен қоса, ЕАЭО мүше-мемлекеттері кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында ЕАЭО туралы Келісім шартқа қол қою кезінде Одаққа мүше-мемлекеттердің аумағы бойынша мүше мемлекеттердің жүгін РФ теңіз порты бағытында темір жол арқылы тасымалдау үшін сәйкестендірілген тариф бекітілген.
Бір ғана реттелмегені – Ресей теңіз порттарының қызметіне кедергісіз шығу және тең құқықты беру мәселесі.
Осыған орай, Үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО мүше-мемлекеттері Премьер-министрлерінің РФ Ережесі жобасына қол қоюды жеделдету туралы тапсырмасын қабылдау Еуразиялық одақ аясында серіктестік және тең құқылы қарым-қатынасты қарыптастыруды бастауға негіз болады.
Экспорттық әлеует пен жаңа өткізу нарығына шығуды қалыптастыру жағдайында Қазақстан бизнесі үшін Үкімет Басшылары қол қойған тапсырма аса маңызды да стратегиялық құжат болмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: