Белорустар Қазақстанға не әкелді?
Қазақстан-Белорусь форумы аясында Астанада «Made in Belarus» көрмесі өтті
13 тамыз күні Белорусь Ұлттық күніне орай Астанада Қазақстан-Белорусь бизнес-форумы ұйымдастырылды. Форум аясында «Көрме» орталығында Беларусь өндірушілері тауарының «Made in Belarus» атты көрмесі өтіп жатыр, онда Беларусь Республикасының 60-тан астам ірі компаниялары өз өнімдерін ұсынады, көрме 15 тамызға дейін жалғасады. Белорусь кәсіпкерлері өздерінің тауарлары туралы айтып, Қазақстан нарығымен ынтымақтастық орнатқысы келетіндерін жеткізді.
«ПРОМСВЯЗЬ» ашық акционерлік қоғамы Белорусь Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі құрамына кіретін электробайланыс жабдықтарын өндіруші жетекші компания.
«85 жыл бойы компания электр байланыс жабдықтарын ел экономикасы қажеттілігіне өндіріп, сондай-ақ тұтынушылық тауарларды шығарып келеді. Аталған форумда келешекте екіжақты тиімді жұмыс істеу үшін жаңа серіктестерді табу мақсатында келдік. Біз «Қазақтелеком»АҚ-пен келісім жасамақпыз. Бұл компания өнімімен жақынырақ танысып, қай салада байланыс орнатуға болатынын сараптап жатырмыз», – деді «ПРОМСВЯЗЬ» компаниясының өкілі Павел Басько.
«Мозырские молочные продукты» мемлекеттік кәсіпорын шығаратын өнім ассортиментінде 80-нен аса аталым бар – түрлі майлылықтағы сүт, ашыған сүт өнімдері, қаймақ, кілегей, ірімшіктер түрі. Барлық өнім тек табиғи сүттен жасалады.
«Біз өндірісті жаңғыртып, ірімшік пен құрғақ, майсызданған сүтті өндіретін жаңа жабдықты орнаттық. Кәсіпорын негізінен экспортқа бағдарланған, шығарылатын өнімнің 70%-ы Ресей Федерациясы мен Украинаға экспортталады. Қазақстанда ірімшік тасымалдап, «Нәтиже» сүтті фабрикасымен тығыз байланыстамыз. Көрме аясында жаңа серіктестік орнатамыз деп үміттенеміз, нарыққа стерилденген сүтпен шығуды жоспарлап отырмыз. Біздің кәсіпорынға 70 жыл толып отыр, Белорусь Республикасы Мозырь қаласынан келдік», – деді «Мозырские молочные продукты» кәсіпорынының коммерциялық директоры Ирина Васильевна.
«Дорвектор-Маш» Молодечный кәсіпорны автомобильды жолдар құрылысы, жөндеу жұмыстарына арналған механизмдерді жасаумен айналысады. Кәсіпорын нарықта 20 жыл.
«Біздің кәсіпорын Минск облысы Молодечный қаласында орналасқан. Өнімді Ресей мен Өзбекстанға сатамыз. Қазақстанмен енді байланыс орнатамыз деп жоспарлап отырмыз, сондықтан Астанаға келдік», – «Дорвектор-Маш» кәсіпорны инженері Максим Тимохович.
«Дружба» құс фабрикасы бүгінде осы саладағы өндірістің барлық кезеңін қамтиды. Жұмыртқадан бастап, балапандарды өсіру, дайын ет өнімін қаптауға дейін жұмыстар бір кәсіпорын ішінде жасалады. Осы форумға іскер байланыстарды арттыру үшін келдік. Жаңа серіктестер арқылы Қазақстан нарығында өнімдер аталымын көбейтпекпіз. Бұдан бөлек «Дружба» құс фабрикасы өнімдері Украина, Армения мен Қырғызстанға экспортталады», – деді «Дружба» құс фабрикасы экономикалық байланыс пен маркетинг бөлімінің бастығы Ольга Сень.
Айта кетелік, ЕАЭО шеңберіндегі импорттың басым үлесі Белорусь Республикасына (36,6) және Ресей Федерациясына (34,1%) тиесілі. Қазақстан Одақ нарығында ұсынылған тауардың 23% сатып алады. Қырғыз Республикасы –3,7%, Армения Республикасы – 2,6%.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: