«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық кодексі: бастысы салық түсімдері емес, экономиканың дамуы

2017 жылғы 11 Тамыз
3553 просмотров

Ұлттық палатада жаңа салық кодексі жобасының таныстырылымы өтті

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастыруымен Салық кодексі жобасының құрылымы бизнес-қоғамдастық өкілдеріне таныстырылды. Шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, қауымдастықтар, кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Айта кетелік ҚР Салық кодексінің жаңартылған нұсқасы ҚР Парламентіне жіберіледі. Бұл құжаттың құрылымына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тікелей атсалысқан болатын. Құжаттың артықшылығы – салық төлеушінің, кәсіпкердің мүддесіне қарай жазылуында. Осыған дейін құжат бойынша бірнеше ұсыныстар енгіздік. Заңдық әрі салықтық тұрғыда құруар жұмыс атқарылды», – деді Рустам Жүрсінов.

Салық кодексі жобасын ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Руслан Дәленов таныстырды. Вице-министр салық кодексінің осыған дейінгі нұсқасын шенеуніктер жазғанын айтты, онда заңдық тапатар мен бір жақтылық басым болған.

«Құжатты әзірлеуде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Бұл үдеріске Ұлттық палата қатыспағанда құжат бойынша сүбелі өзгерістері болмас еді, қайтадан қатып қалған қағидаларға негізделген кодексті жазып шығар едік. Жаңа нұсқа салық төлеушінің мүддесіне қарай жазылған. Адал кәсіпкерлік, ашықтыққа мән берілді. Көздегеніміз салық түсімдерін ұлғайту емес, экономиканың дамуы», – деді Руслан Дәленов. Оның айтуынша «Жаңа Салық кодексі қолданыстағы құжаттан мүлде өзге құрылымымен, жаңа идеологиясымен ерекшеленетін болады, ал оның мазмұны жеңіл бола түседі. Онда көлеңкелі экономика бойынша шаралар көрініс табады, бірқатар жеңілдіктер жүйелендіріледі, ал жер қойнауын пайдалану ынталандырылады».

 Салық кодексінің идеологиясы

Адалдық принципі құпталады. Салық кодексі бойынша орын алған кез келген түсініксіз тұстар салық төлеушінің пайдасына шешіледі. Егер мемлекеттік орган қызметкерлері Салық кодексін салық төлеушіге дұрыс түсіндірмей, шара қолданған болса, онда салық төлеушіге тағылған санкциялар (салық, айыппұл, өсімпұлдар) алынып тасталады.

Кодекстің әр бөлімін дербестендіру, яғни әр категория өз бөлімінде қамтылады. Салық жүйесінде өзгертулер көп жасалып келді. Уақтықа, экономикадағы ахуалдарға байланысты өзгертулер қажет еді. Әр кезеңдегі өзгертулер салдарынан құжат құрылымында түрлі сілтемелер жасалып, мазмұнында жүйесіздік, заңға қосымша актілер шашыраңқы болды. Енді әр бөлім мазмұны бойынша реттелген.

Құжатқа өзгерту енгізу азаяды

«Салық кодексі жиі ауысады. Шын мәнінде өзгертулер өте көп, егер өзгертулер артынан бизнес өкілдері үлгермесе, ол орган кателігі. Жаңа салық кодексі қабылданғаннан кейін өзгертулер саны азайтылады. Демек, бизнес өкілдері өзгертулер ұсынса, оларды 1 шілдеге дейін жолдаулары керек, ал үлгермесе, келесі жылдың 1 шілдесіне дейін күтуге тура келеді. Осы ретте ілеспелі заңдарға өзгертулер енгізуге тиым салынады», – деді Вице-министр.

Жаңа Салық кодексінде қолданыстағы арнайы салық режимдері (патент, жеңілдетілген декларация, бірыңғай жер салығы, т.б.) сақталды. Патент бойынша ставка 2%-дан 1%-ға төмендетіледі, яғни әлеуметтік салық жойылады.

Жер қойынауын пайдалану

Жаңа құжатты жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың ұсыныстары ескерілген. Тау-кен металлургиялық кешендердің үстеме табысы үшін салық пен коммерциялық табылым бонусы алынып тасталды.

Аса терең жер қабатындағы және теңіз кен орындарын игеруде жер қойнауын пайдаланушыларға баламалы салық қолданылады. Демек, бұл салық пайдалы қазбаны өндіруге арналған салық, қол қойылған бонус, тарихи шығындар орнына қолданылады.

Жалға алу төлемдері енгізіледі. Барлау кезеңіндегі қарқынды мөлшерлеме –1 блок -2 шаршы метр үшін 15-60 АЕК Ал өндіру кезеңіндегі бірқалыпты мөлшерлеме –  1 шаршы метр үшін 790 АЕК. Жер қойнаун пайдаланушылар бірыңғай табыс салығын төлеуден белгілі шарттар бойынша босатылады.

Қаржылық сектор

Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарттары жаңа стандартқа (39-дан 9-ға) өту себепті азық-түлік көлемі ұлғаяды. Қаржылық сектордағы өзгертулер ішенде ақша айырбастау бөлімшілеріне тиянақталған мөлшерлемемен салық  енгізіледі.

Бос қоймаларға арналған ҚҚС бойынша жеңілдіктер  арнайы инвестициялық шарттармен (АИШ) аламастырылады.

Қосымша құн салығы

Аталған құжаттың бизнес тұрғысынан алғанда басты артықшылығы ҚҚС бойынша шектік мәнінің сақталауында (30 мың АЕК) (Жоспар бойынша 2018 жылы – 25 мың АЕК, 2019 жылы – 20 мың АЕК, 2020 жылы – 15 мың АЕК).

Арнайы инвестициялық шарт шеңберінде өндірілген тауар, тауар құрамындағы материалдар мен шикізаттар импорты ҚҚС-тан босатылады.

 Кеме жүретін су жолдарын қолдану үшін төлемдер мен аукционадардан ақша жинау алынып тасталады. Шыған бизнесті ынталандыру: лицензиялық жинаудың ставкасын төмендету.

Сонымен қатар ҚҚС бойынша тиімсіз жеңілдіктер алынып тасталады. Оның ішінде ДСҰ шарттарына қайшы келетін нормалар, лоторея билеттері, нотариус пен адвокаттар қызметі, почталық төлем белгілері (импорт, ішкі нарық), зауыттар үшін алтын мен платина өндірісі, ұтыссыз ойын автоматтары, дербес компьютерлер, бильярд, ойын жолақтары, картинг, мемлекеттік баж салығы бар өкілетті органдар қызметіне жүретін ҚҚС жеңілдігі алынып тасталады.

Салықтық әкімшіліктендіру

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылады. Мәселен, кәсіпорын салық төлемдері бойынша 3 жыл ішінде жауапқа тартылмаса, онда қарыз алынып тасталады. Жоспардан тыс тексерулерді 56%-ға азайту, 5 жыл ішінде жұмыс істемеген салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіп бойынша тоқтату, көлденең мониторинг жүргізу  көзделген. Аудиторлық компания жұмысына да өзгертулер қарастырылған. Мәселен, аудиторлық ұйымның лицензияны тарту алу сынды әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Шара барысында жаңа құжат жобасын таныстырудағы өзгерістер  кәсіпкерлер көңілінен шыққаны байқалды. Салық кодексі жобасын жетілдіру бойынша жұмыс тобының мүшесі, қоғам қайраткері Мұхатр Тайжан жер қойнауын пайдаланушыларға үстеме табыс салығы алынып тасталуына наразы екенін айтты. «Жер қойнауындағы қазба байлықтар – ел қазынасы. Оларды өндіруден түскен салық мемлекеттік салыққа түсетін жалпы салық көлемінің басым бөлігін құрайды. Сондықтан үстеме табыс үшін салықты алып тастауды қайта қарауды ұсынамын», – деді спикер.

Жасалған өзгертулерге қарап, жаңа құжаттың адал ниетті салық төлеушілер мүддесін қорғауға бағытталғаны байқалды. Жобаның толық нұсқасымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтынан танысуға болады. Айта кетелік, Жаңа салық кодексі жобасы ҚР Парламентіне енгізілу мерзіміне дейін 21 күн қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер