«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада 24-26 тамызда «Еуразия апталығы» форумы өтеді

2017 жылғы 11 Тамыз
1658 просмотров

«Еуразия апталығы» форумында 17 мемлекеттен 250-ден астам спикер баяндама жасайды

11 тамыз күні «Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форумын өткізуге арналған Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз-конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы Мәскеу-Астана-Бішкек-Ереван-Минск байланысы негізінде ұйымдастырылды.

Баспасөз-конференциясына Астанадан «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Төлебекова Долорес,  Мәскеуден Еуразиялық экономикалық комитеттің Алқа мүшесі, «Еуразия апталығы» форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Вероника Никишина, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Жақсылықов, «Деловая Россия» жалпыресейлік қоғамдық ұйымының вице-президенті Нонна Каграманян, «Молодые профессионалы WorldSkills Россия» маман дайындау одағы бас директорының орынбасары Светлана Крайчинская, Ереваннан Армения Экономикалық даму және инвестициялар министрінің орынбасары Эмиль Тарасян, Минсктен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бірінші орынбасары Андрей Евдоченко, Бішкектен Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Эльдар Абакиров қатысты.

Шара барысында ЕАЭО мемлекеттерінің бизнес өкілдері мен ресми тұлғалары және халықаралық кәсіпкерлік қоғамдастығының өкілдері «Еуразиялық апта» форумы бағдарламасы туралы, оның евразиялық интеграция табыстылығына, бизнес пен сауда дамуын ынталандыру, ЕАЭО-ның үшінші мемлекеттермен инвестициялық ынтымақтастығы мен мүше-мемлекеттер арасындағы кооперацияны жетілдіру жайында ақпарат берді.

Еуразиялық экономикалық комитеттің Алқа мүшесі, «Еуразия апталығы» форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Вероника Никишина форумның мақсаты мен ұйымдастырылу барысы туралы мәлімет берді.

«Еуразия апталығы» форумы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жыл сайынғы саммиті. Биыл форум 24-26-тамыз аралығында  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтеді. Форумның мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық, инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру. «Еуразия апталығы» форумы B2B форматындағы байланысты орнату, ЕАЭО-да құрылған бизнеске арналған құралдар мен жағдайларды талқылау, Одақтың стратегиялық дамуынына бағытталған тиімді жұмыстың  тиімді алаңы болмақ.

«Форумда іскерлік және көрме бағдарламасы бар. Үш күнге созылатын форумда 17 мемлекеттін 250-ден астам спикер баяндама жасайды. Сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттерден 250-ден астам компания көрмеге қатысады. Бүгінде әлемнің 35 мемлекетінен қатысушылар тіркелді. Экономиканың 13 саласы бойынша пікірталастық іс-шаралар жоспарланған», – деді Вероника Никишина.

«Еуразия апталығында» қазіргі заманғы экономикалық жағдайдағы бәсекелестік; ЕАЭО кеңістігінде тауар, қызмет, еңбек пен қаржының бірыңғай нарығы, бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттары мен Одаққа мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Долорес Төлебекова Ұлттық кәсіпкерлер палата «Еуразия апталығы» форумының өтуіне барынша атсалысатындығын, сауда-экономикалық байланыстың нығаюына, отандық кәсіпкерлердің экспорттық әлеуетін көтеруге барынша қолдау білдіретінін жеткізіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Брифингте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға тоқталып, ЕАЭО мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас жайында сауалдарға жауап берілді. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер