«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда көкшетаулық кәсіпкерінің мәселесі шешілді

2017 жылғы 11 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4650 просмотров

«Бизнес пен билік» тобының алғашқы саны кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау тақырыбына арналды

Биылғы жылы бірнеше ай бұрын Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына Көкшетау облысына жеке кәсіпкер Е.О.Буланова туындаған мәселесі жайында хабарласқан. Кәсіпкердің айтуынша, Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметімен ауыз қуысының ДНҚ үлгілерін жинау үшін 1200 дана коллекторын жеткізуге келісімшарт жасалған.

Кәсіпкер келісімшартта көрсетілген талаптарды орындап, коллектордың үлгісін тапсырыс берушіге жіберген. Алайда, жергілікті полиция мекемесі құрылғының басқа түрін талап еткен. Ал, кәсіпкердің мәлімдеуінше, бұл келісімшартта көрсетілмеген. Яғни,тапсырыс беруші тарап тауарды қабылдаудан бас тартқан. 

Нәтижесінде, кәсіпкердің талап-арызы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының заңгерлері Маңғыстау облысы Ішкі істер депаратаментінің өкілдерімен кездесу өткізіп, тауарды қабылдауға және төлемақысын жүргізуге шешім қабылдайды.

Осылайша, кәсіпкердің құқығы толық қорғалып, арызы қанағаттандырылды. 
Көкшетаулық жеке кәсіпкер Е.Буланова өз кезегінде, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер