«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"ҚазТрансОйл" сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын көтермек

2014 жылғы 27 Наурыз
3630 просмотров

"ҚазТрансОйл" 1 сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын көтермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мұнай өнімдерін өндіру және магистральды құбырларды жүргізу жұмыстарының тарифтерін белгіледі. "ҚазТрансОйл" АҚ 1 сәуірден бастап экспорттағы мұнай бағасын 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 5 817,2 теңгеге көтерді. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қазіргі тарифтік көрсеткіш 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 4 850,6 теңге. 

Мұнайдың ішкі нарықтағы бағасы өзгеріссіз қалды. 1000 тонна-шақырымға шаққанда (салық төлемінсіз) 2 931,8 теңге. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер