«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экономиканың қай саласында жұмыс күші босатылады, қай салада маман тапшылығы бар?

2017 жылғы 08 Тамыз
5215 просмотров

Кәсіпорындарға арналған сауалнама сұраныстағы мамандықтарды анықтады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп, Жаңғыру 3.0 нәтижесінде босайтын жұмыс орындары мен сұранысқа ие мамандықтарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізетін болады.

Сауалнама мақсаты – босатылатын жұмыс күшінің саны мен кәсіби сапасын және өңірлер бойынша маман тапшылығын анықтау үшін ұйымдастырылып отыр.

Қазіргі таңда жұмыс күші сұранысының серпінін анықтау керек, мәселен, қысқарту – кәсіпорында адам еңбегін азайту мақсатында немесе өндрістің күрт төмендеуі салдарынан техникалық және ұйыдастырушылық шараларды енгізу нәтижесінде орын алуы мүмкін. Ал күрт өндіріс төмендеуінің жалғасу ұзақтығы түрлі болуы мүмкін.

Жұмыс күшінің босатылуы себептері кәсіпорынның еңбек өнімділігі мен экономикалық көрсеткіштеріне түрлі әсер етеді.

Қызметкерлерді қысқартудың фактіге негізделген екі  формасы бар: кәсіпорында штаттың қысқартуына байланысты қызметкерді босатады немесе қызметкер бір бөлімшеден (цех, учаскі, бөлім) босатылып, кәсіпорындағы басқа бөлімшеге (немесе жаңадан ашылғалы жатқан кәсіпорынға) ауысады.

Сауалнама нәтижесі ҰКП мен Министрліктің бірлесіп, халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау бойынша жұмысының тиімділігін арттырады.

Сауалнама нәтижесі қатаң құпияда сақталады және жарияланғанда кәсіпорындар атаулары көрсетілмейді.

Жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу «Работа» сайты арқылы онлай-режимінде жүзеге асады, қазақ тілінде:  https://www.enbek.kz/kk/potrebvysv, орыс тілінде:  https://www.enbek.kz/ru/potrebvysv.

 Сауланама 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер