«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау индустриалды паркі – кәсіпкерлерге берілген зор мүмкіндік

2017 жылғы 08 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5232 просмотров

«Маңғыстау индустриалды паркі» индустриалды аймағының 1999 жылдан бері тұралап тұрған Ақтау пластикалық масса зауыты аймағын қоса алғанда жалпы ауданы 189 гектар. Индустриалды аймақ жеңілдікпен кәсіп ашам деген жанға зор мүмкіндік беріп отыр.

Аймақ іші бұрын зауыт орны болғандықтан, инфрақұрылым жағы толықтай дерлік шешімін тапқан.

Мысалы, индустриалды аймақ ішіне 11464 шақырымға созылған ішкі темір жол, табиғи газ, техникалық және ауыз су құбырлары тартылған. Сонымен бірге, болашақ кешеннің тәулігіне 5000 текше метрге дейін өндірістік қалдықсуды тазартатындай әлеуеті бар. Мекемеңіз үшін кеңсе жайлары да қарастырылған.

Бір айта кетерлігі, кәсіпкерлерге аймақ ішінен жер телімдері мен кеңселер бірдей жеңілдетілген бағамен (шаршы метріне 100-500 теңге аралығында) беріледі.

Бүгінгі таңда индустриалды аймақ ішінен кәсіптерін бастауға «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған комиссия мақұлдаған 12 жеке және заңда тұлғаның жобалары мақұлданып отыр. Сіз де осы мүмкіндікті қалт жібермей, бизнес жобаңызды ұсыныңыз.

Жобаға қызығушылық танытсаңыз, кәсіби кеңес үшін Ақтау қаласы, 35 шағынауданы, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлерге қызмет көсрету орталығының Консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөліміне хабарласыңыз.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер