Макулатураны шетелге сатуға шектеу қойылмақ
Қағаз қалдықтарын қайта өңдеу бойынша ішкі нарықта тапшылық бар
«Атамекенде» ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, сондай-ақ, кәсіпкерлер қатысуымен целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама салаларына арналған жиын өтті.
Ағаш қорының тапшылығына қарамастан Қазақстанда қағаз-целлюлоза өнеркәсібі бар. Жергілікті кәсіпорындар қағаз қалдықтарын қайта өңдеумен айналысады. Қағаздың жоғары сұрыпты, борланған түрлерін шығарылмаса да тұрмысқа қажетті қағаз сүлгілер, дәретхана қағазы, картон түрлері шығарылады. Осы салада еңбектеніп жатқан бірнеше ірі кәсіпорын бар.
«Қағаз өндіру саласында қандай мәселелер бар? Бастысы шикізат, кәсіпорындардың бәсекеге төзімділігі. Шикізат қағаз қалдықтарынан құралады. Бүгінгі жиында салалық қауымдастық жұмысын қайта қарастырамыз. Екінші мәселе Қазақстан аумағынан макулатураны шығаруды 6 айға дейін шектеу. Біздің ұсынысты ҚР Инвестициялар және даму министріліг, кәсіпкерлер де қолдап отыр. Жоспар бойынша шектеу мамыр айынан басталуы керек еді, алайда күзге қалдырылды», – деді ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Арман Мәмбетаев.
Осыған дейін аталмыш мараторий іске асқан болатын, бұл мүмкіндік осы саладағы кәсіпкерлерге көлемді жұмыс істеуге жол ашқан, ал қазіргі таңда компанияларда макулатура тапшылығы қатты сезіліп тұр. Сондықтан экспортты шектеу қажетті шара.
«Бұл шектеу бастамасы көтерілгеннен бастап шетел компаняилар, және қоқыс жинайтын кәсіпорындар тарапынан наразылық туындады. Дегенмен, шектеу қағаз қалдықтарын өңдейтін кәсіпорындар үшін қажет. Біз отандық кәсіпкерлерді қолдауымыз керек. Бүгінгі шара аясында целлюлоза-қағаз одағын құрмақ ойымыз бар. Біздің макулатураны Ресесй өңдейді, ал жергілікті кәсіпорындар жұмыссыз тұр. Қазақстанның осы саладағы мүддесі Мемлекеттік органдар тарпынан, заң тұрғысынан қорғалу керек», – деді Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығының Басқарма Төрағасы Батырбек Әубәкіров.
«Кәсіпкерлер де бұл бастаманы қолдап отыр. Бүгінде кәсіпоырндар айына 500-1000 тоннаға дейін макулатура тапшылығын көріп отыр. Өзіміздің нарықты қамтымай отырғанда сыртқа шығарудық өзі қисынсыз», – деді кәсіпкер.
Қағаз өндірушілер нарықта аз, сондықтан оларды қолдау орынды. Бұл кәсіпорындарсыз салада даму болмайды, ал қағаз өнімдері адам үшін өз қажеттіліктірін көбейтпесе, азайтқан жоқ. Сондықтан бұл өнеркәсіп кластері қажет.
«Бұл сұрақ көтерілгенде министрлік өз позициясын айтты. Қағаз қалдықтары жылына 20 млн тоннаны құрайды, оның 55 мың тоннасы ғана отандық кәсіпорындармен игеріледі. Егер шектеу орындалса, ішкі нарық осы көлемді орындай алады ма, жоқ полигонда шіріте ме, мәселе осында. Айта кетейін, 2019 жылдан бастап қоқыс қалдықтарын, оның ішінде макулатураны полигондарда сақтауға қатаң тиым салынады. Біздің айтпағымыз, игеру мәселесі, сондықтан өңдеу көлемін арттыру керек», – деді ҚР Энергетика минстрлігінің өкілі.
Министрлік өкілі айтқан сан ол бүкіл қоқыстың көлемі, ал оны жинау күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан саясаты кокысты өндеу көлемі ұлғайтуға ден қойған. Ол үшін кокыстарды бөлу, бөліп жинау көзделген.
«Қоқыс жинау, оны сұрыптау үлкен мәселе. Халық қоқысты аралас жинай салады да бірден жәшікке лақтырады. Ірі қалаларда қоқыс сұрыптайтын зауыттар болса, өңірлерде ол да жоқ. Сондықтан қайта өңдеуге жарайтын шикізаттан қағылып отырмыз. Ал адамдарға қоқысты сұрыптап, бөліп тастауды балабақшадан үйрету керек, қоқыс тастау мәдениетін өзгерту керек», – деді «Жасыл мерке» компаниясының акционері Дабылбек Жанбабаев.
2017 жылы өндірушілердің кеңейтілген жауапкершіліктері (РОП) операторы Осы жұмыстарға 1 млрд 250 млн теңге көлемінде өтемақы ретінде кәсіпорындарға бөліп отыр. Оператор тарапынан осы компенсация қолдау болып табылады. Қазір политилен пакеттерін экологиялық таза қағаз пакеттеріне алмастыру мәселесі көтерілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: