«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді дәрі-дәрмек бағасын реттеу мәселесі мазалайды

2017 жылғы 03 Тамыз
2035 просмотров

Міндетті әлеуемттік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмек тізбегін өсіруге мүмкіндік жасалады

3 тамыз күні «Атамекен» алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, денсаулық сақтау мекемелері, онлайн байланыс арқылы өңірлердегі дәрі-дәрмек өндіруші компаниялар мен дәріхана өкілдері қатысуымен дәрі-дәрмектің нарықтық бағасын реттеу мәселесі талқыланды.

Өткен апта Міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыруді енгізу бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз ұсыныстарын Үкімет отырысында айтқан болатын. Ұлттық палата аталмыш жүйені кезең-кезеңмен еңгізуді сұраған.

«Баршаның көкейінде жүрген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жалпы дәрі-дәрмек бағасына есер етеді ме? Ал девальвация, курстың құбылуы кезінде кәсіпкерлер не шара қолданады? Жалпы баға белгілеу қалай жүргізіледі? Бұл мәселе де міндетті медицианлық сақтандыру жүйесі сынды маңызды», – деді Юлия Якупбаева.

Жалпы дәрі-дәрмек шығару индустриясы әлемде дамып кеткен. Сырттан келетін дәрілер нарықта доминатқа айналған, отандық тауар өндірушілерге көбінде бәсекеге қабілетті өнім шығару қиынға соғады. Дәрі-дәрмектер бағасын реттеу, отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау, халық қалтасы көтеретін сапалы дәрі-дәрмектерді қол жетімді ету өзекті мәселе.

«Аталған жобамен арнайы тағайындалған жұмыс тобы айналысып жатыр. Бірер күн бұрын алматыда фарм-қоғамдастықпен кездестік, даулы мәселелер көп. Бастысы Міндетті медициналық жүйен іенггізу керек. Ол тірі ағза сияқты, бірден қалыптасып кетпейді. Біз еуропалық кемел жүйеге бірден жетуді көздемейміз, бәрі өз уақытымен. Дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тқрған науқастар, туберкулез сынды аурулармен ауыратын науқастарға беріледі. Жасыратыны жоқ, тегін берілетін қажетті көлем бола беремйді, бәрін тегін бере алмаймыз. Сондықтан азаматтар дәрілерді өз қалтасы есебінен төлейді. Міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыруды енгізу арқылы тегін берілетін дәрі-дәрмек тізбегі артады», – деді ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов.

Фармацевтика индустриясында дәріге баға белгілеу күрделі үдеріс. Мәселен, кәсіпкер бір препаратты шығарса, оның нарықтағы бағасын тіркеуге қою үшін өтінім беру қажет. Өтінім 30 жұмыс күнінде қаралып, мемлекеттік реестрге тіркеледі. Ал Шетелдік өндіруші Қазақстан территориясында ЖШС ашса, ол өзінің барлық мүкін болары шығынын өтінішінде көрсетіп, оынң бәрі баға белгілеуде ескеріледі.

«Өткен жылдары девальвация салдарынан фармацевтикалық компаниялар шығынға ұшырады. Ал оларға ешкім шығындарын өтеген жоқ. Сондықтан баға белгілеу де нарыққа қарай құбылып тұру керек, әйтпесе, шағын кәсәпорындар, дәріханалар бәсекеге қабілетсіз болады, тіпті жабылып қалуы мүмкін», – деді Юлия Якупбаева.

Бұл мәселеге Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері былай жауап берді.  

«Жаңа жүйе бойынша түрлі девальвациялық қатерлерді ескере отырып баға белгілеуге жылына төрт рет, яғни әр тоқсанда бір өзгертулер енгізуге рұқсат», – деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық палатасының көздегені бір – дәрі-дәрмек бағасын белгілеуді реттеу үдерісіндегі ашықтық, дәрілердің халыққа қолжетімділігі. Шара барысында кәсіпкерлер өздерін мазалаған мәселелер бойынша сауалдарды қойды.

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер» қауымдастығы президенті Вячеслав Локшин министрге фармацевтер арасында этикалық кодты қабылдауды ұсынды. Яғни бұл код арқылы маркетинг әдістер алынып тасталып, халыққа дұрыс қызмет көсретіледі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл ұсынысты назарға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер