«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тендерден табыс табуға бола ма?

2017 жылғы 03 Тамыз
- Алматы қаласы
25085 просмотров

Алматыда тендер ұту туралы шеберлік-сағаты өтті

Алматы қаласы кәсіспкерлер палатасы «Q3» холдингі мен «First invest group» компаниясы бірлесіп тендерлермен жұмыс істеуге ынталы азаматтарға шеберлік-сағатын өткізді. Спикерлер сатып алулардағы дайындық тәжірибелерімен бөлісіп, құжат ресімдеуде қандай қателіктерге жол бермеу керектігі жайлы айтты.

«Бүгін біз өз тәжірибемізден кейстер ұсынбақпыз. Мейлі, әрдайым сәтті болмаса да. Біздің мақсатымыз – «жайлы орыннан» шығып, көп табыс тапқысы келетіндерге көмектесу. Бүгін спикерлер тендер ұтудағы құпияларымен бөлісіп қана қоймай, жұмыс бастауға мөмектесіп, тіпті инвесторларды табуға жәрдемдеседі», – деді Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген.

Статистика бойынша еліміздегі 18 млн халықтың тек 10% ғана бизнеспен айналысады. Басым көпшілігі шашатараз, наубайхана, дүкен және т.б. Осы 10 пайыздық тең жартысы ғана мемлекеттік сатып алулар мен тауар жеткізуге қатысы бар. Ал мемлекеттік тапсырыстар күн сайын өткізіліп отыр. 12 жылдың ішінде тендерден табыс тауып отырған Шыңғыс Құрманғалиевтің айтуынша, күн сайын мемлекеттік сатып алуаларға 20 млрд теңге бөлінеді.

«Біз кәсіпкерлерге консорциумға бірігуді ұсынамыз. Ірі тапсырыстарды бірігіп алған оңай. Неғұрлым көп болсаңыздар, тендерді ұту да соғұрлым жеңіл», – дейді Шыңғыс Құрманғалиев.

Спикерлер тендерден табыс тапқысы келетіндерге септігі тиетін сайттар туралы да хабарлады. Мұндай порталдарға тіркелу әсте оңай емес. Бірақ мемлекеттік сатып алулар үшін төлеуге дайын сома барлық ыждаһаттың орнын толтырады.

«Жай ғана скотч 2 мың теңгеге сатылуы мүмкін. Дегенмен базарда 10 есе арзан тұрады. Тағы бір айла – бұрынғы сатып алуларды сараптау керек. Мемлекеттік сатып алулар порталында бұрынғы тендердің қорытындысын қарауға болады. Реестрді ашып, келісімшартты көріңіздер, онда өндіруші, жеткізу мерзімі, байланыстары туралы ақпараттар жазылады. Сіздер көшіріп алып, өз ұсынысыңызды 5 теңгеге арзан беріңіз», – деп түсіндірді Шыңғыс Құрманғалиев.

Оның айтуынша, өтінішті бірден 30-40 тендерге бірден берген дұрыс. Егер соның 10% жүзеге асса, жұмыс нәтижелі болды деп есептеуге болады. Кездесуді ұйымдастырушылар тендерлік биржалар – инвестицияны тартудың алаңы екенін ерекше атады. Сатып алуларда табыс табуға дайын адамдар инвесторларды да таба алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер