«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балықшылар өңірдегі аквамәдениет дамыуын талқылады

2017 жылғы 02 Тамыз
- Ақмола облысы
8601 просмотров

Зеренді ұдайы өндірістік кешенінде балық өсіру бойынша семинар өтті

 Семинар әдеттегідей теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды, оған «Казахрыбхоз» балық шаруашылығы облыстық қауымдастығы, табиғи ресурстары басқармасы, табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері қатысты.

Теориялық бөлім барысында Агробіліктілік орталығының аквомәдениет бойынша сарапшысы Серік Темірханов Қазақстандағы аквомәдениет ахуалы, даму келешектігі, балық шаруашылығына қойылатын талаптар жайында ақпарат берді. Семинар тыңдаушыларына балық шаруашылығын жобалау, балық өндірісінде қарқындылықты арттыру, ауыл шаруашылығы кооперациялары принциптері мен ауыл шауаршылығын мемлекеттік қолдау туралы пайдалы дәріс оқылды.

Ал тәжірибелік бөлім инкубациялық цехте және Зеренді ұдайы өндірісітік кешеніндегі тоғандар жағалауында өтті.

Зеренді ұдайы өндірісітік кешені сиг балығының уылдырығын инкубациялық әдіспен өсіреді. Сондайа-ақ, мұнда суықты сүйетін шортан, ақсерке сынды балық уылдырығын да инкубациялық әдіспен өндіреді. Сонымен қатар суды жылыту арқылы тұқы балықтарын да өсіруге болады. Айта кетелік, бүгінде шаруашылықта ересек шортандар бар.

Тыңдаушылар тәжірибелік сағатта балықтарды инкубациялық әдіспен өндіру және жас балықтар өсіру ерекшеліктерімен, тоғандық өсіруде балықты табиғи жемдермен тамақтандыру тәсілдерімен жақын танысты.

«Семинарға келгендердің көбі шағын тоғандарды жалдап, балық өсіретін кәсіпкерлер, оларды үш мәселе толғандырды. Бірінші, балық шаруашылығын жүргізу мақсатында құжаттарда су қоймаларын өндірісітік мақсатқа ауыстыру тәртібі, балық өнімінің мүмкін болатын көлемі, сонымен қатар аквомәдениетті мемлекеттік қолдау бағдарламалары кәсіпкерлерді толғандырады», – деді Серік Темірханов.

Сарапшының айтуынша семинар барысында жалға алушылар табиғи ресурстар басқармасы басшылығы, балық қорғау органы өкілдері мен табиғат қорғау прокуратурасының қатысуымен балық шаруашылығындағы мәселелер талқыланды. Салада әкімшілік кедергілер көп, бұл өңірдегі аквомәдениет дамуын тежеп отыр. Талқылау барысында айтылған ұсыныстар жазылып алынды, олар ауыл шарушылығы басқармасына жіберіледі.

Жалпы бұл талқылау семинар бағдарламасына кірмеген болатын, алайда осындай диалог алаңы кәсіпкерлер үшін тиімді. Мәселелер күн тәртібіне қойылып, бірден ортада шешілді.

Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агробіліктілік орталығы 2016 жылдан бастап кәсіпкерлерге АӨК инновацияларына және агробизнесті тиімді жүргізу негіздерін оқытады. Ауыл шаруашылығында еңбектенетін кәсіпкерлерге практикалық көмек көрсету мақсатында  сарапшылар өңірлерге барып,  шаруашылықта заманауи технологияларды қолдану, технологиялық мәселелрді шешу бойынша жан-жақты кеңес береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер