«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теміржол тасымалы: тарифтер өзгеруі мүмкін

2017 жылғы 01 Тамыз
10198 просмотров

Жүк тасымалында автокөлік қызметі – теміржол қызметінің басты бәсекелесі

1 тамыз күні «Атамекен» алаңында теміржол көлігі арқылы жүк тасымалы қызметіне баға белгілеу мәселесі талқыланды. Жиынды ашқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов күн тәртібінде талқыланған тақырыптардың Қазақстан кәсіпкерлері үшін маңыздылығын атап өтті.

«Ұсыныстар бірінші кезекте теміржол көлігі арқылы жүк тасымалы қызметінің нарықтық баға белгілеу жүйесіне кезең-кезеңмен көшіру жайында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және ҚТЖ бергені, екінші – «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына магистральдік теміржол желілері қызметі тарифтеріне жоғары және төмен шектік деңгейлерін енгізу», – деді Елдос Рамазанов.

Спикердің айтуынша бәсекелестікке қатысты кейбір заңдық актілерге өзгерту еңгізу шеңберінде 2016 жылы Ұлттық палата алаңында бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысуымен теміржол арқылы жүк тасымалы қызметін мемлекеттік реттеуден шығару туралы ҚТЖ-ның ұсынысы қарастырылды. Жиын қорытындысы бойынша ҚТЖ мен бизнес-қоғамдастық бір пікірге келмеді, тек вагондарды жалға алу қызметіне мемлекеттік реттеуді алып тастау туралы шешім қабылданды.

Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов енгізіліп жатқан жаңашылдықтар Қордың IPO-ға шыққандағы дәрежесін көтеруге бақытталғанын атап өтті.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыс теміржол көлігі арқылы жүк тасымалы қызметіне нарықтық баға белгілеуге өту, жүкті контейнер, контрлейлер, жабық, изотермикалық вагондарда, сондай-ақ бос контейнерлер, бос изотермикалық вагондар және фитинг платформаларды тасымалдау қызметін қайта реттеумен байланысты.

«ҚТЖ жүк тасымалына жасалған талдау теміржол көлігі арқылы контейнерлермен жүк тасымалдау азайғанын, тіпті жоқтың қасы екенін көрсетіп тұр. Контейнерлер бойынша тасымалдаудың ҚТЖ-ның жалпы тасымалдауындағы үлесі небәрі 1%-ды құрайды, жабық вагондарда – 5%, изотермикалық вагондар бойынша да тура осындай жағдай. Автокөлік арқылы жүк тасымалы артып келе жатқандықтан баға белгілеуде тең мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Теміржол контейнерлері арқылы жүк тасымалдау тарифтерін ішінара қайта реттеу жеткіліксіз, Қазақстанның көліктік әлеуетін тиімдірек іске асыруға кедергі», – деді «ҚТЖ–Жүк тасымалы» АҚ интеграциялық жоспарлау және ақпараттандыру бойынша вице-президенті Владимир Петров.

Аталған ұсыныстарды талқылау барысында алматылық кәсіпкерлер мемлекеттік реттеуді алып тастауға қарсы екендерін жеткізді: «Мемлекеттік реттеуді алып тастамай тарифтерді төмендету мүмкін бе? Өйткені мемлекеттің араласуы белгілі бір кепілдік береді, баға көтерілуін бақылайды емес пе?».

«Бір механизммен қатып қалу болмайды. Даму, жетілу керек. Мәселенің бәрі – реттеудің нарықтық механизмдерін табуда болып тұр. (...) баға тұрғысынан алғанда біз бүкіл темір жол қызметін реттеуге талпынып отырғанымыз жоқ. Тек бәсекелестік ортаға тікелей қатысы бар тұстарды ғана қайта реттеу қажет. Бүгінде жүк тасымалында автокөлік теміржол қызметі үшін тікелей бәсекелес. Демек, бәсекелестер бар, сондықтан нарықтық ортада бағаны белгілегіміз келеді. Мемлекет магистральді теміржол жүйесін, жалпы жүк тасымалын 2020 жылға дейін реттейді. Біз тасымалдар қызметінің бір бөлігін ғана нарыққа шығаруды ұсынып отырмыз»,– деп түсіндірді «ҚТЖ–Жүк тасымалы» АҚ Экономика және қаржы бойынша вице-президенті Шолпан Омарбекова.

Елдос Рамазанов қайта реттеу мәселесін талқылауды қорытындылай келе, кәсіпкерлік-қоғамдастық өкілдеріне негізделген уәждері мен ұсыныстарын он жұмыс күні ішінде жіберуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – тарифтердің шекті деңгейін енгізу бойынша ұсыныстар «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан айтылды. Бұл ұсыныстар ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитеті жанындағы «Табиғи монополиялер туралы» ҚР Заңын әзірлеу бойынша Жұмыс тобы шеңберінде қаралған болатын.

Енді бұл сұрақ кәсіпкерлік-қоғамдастық талқылауына шығарылды.

«Аталған бастаманы енгізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім нормаларын ескеру қажет, онда теміржол көлігін ұсынатын ұйымдар уәкілетті органмен белгіленген тарифтерді шектік деңгейлер шеңберінде тарифтерді өзгертуге құқық берілген. Бұл ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер өкілетті органдары бекіткен әдіснамаға сәйкес», – деді Шолпан Омарбековa.

Бұл шара ЕАЭО мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, теміржол көлігі арқылы жүк тасымалын жүргізуге қолайлы жағдай жасау, жаңа жүк ағымын тарту, жаңа техника мен технологияларды енгізуге бағытталған. Осы ретте, жүк жіберушілердің айтуынша аталған норманы орындау үшін заң актілерінде тарифтерді төмендету және көтеру мүмкіндігі және олардың шегі белгіленуі керек. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар жүк тасымалдарының нақты бағыттары мен кепілдендірілген көлемдер бойынша баға шегін таратуға қатысты сұрақтар туындады.

«Бұл сұрақ маңызды. Бизнес өкілдерінің пікірі біржақты емес, сондықтан Өңірлік кәсіпкерлер палаталарын күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша ұсыныстарды бір апта ішінде талқылап, бір ойға келіп, ұсыныстарды Ұлттық палатаға жолдауын сұраймын. Осы мәселеге жауапты адамдарға хабарлауды тапсырамын, жиын бойынша ақпарат «Атамекен» ресми сайтында жарияланады», – деді Елдос Рамазанов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер