«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер құқығы бұзылғанда қайда жүгіну керек?

2017 жылғы 01 Тамыз
6706 просмотров

«Желтоқсан орманы» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі тоқтатылды

Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовке «Желтоқсан орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Игорь Митрофановтың атынан Алматы қаласы құқық қор,ау органдарының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты шағым түскен.

Бұл компания Петропавл қаласында мұнай өңдеу кәсіпорынын салу үшін 2010 жылы құрылған. Өтініш берушінің туысының үлесі 96,6%, ал Плешановтың үлесі 0,4%.

Кәсіпорын қызметі атауы ұқсас «Желтоқсан» ЖШС компанияның есебінен қаржыландырылып келген. «Желтоқсан орманы» компания «Желтоқсан» ЖШС мен И.Митрофановке 340 948 033,78 теңге қарызы болған. Сот актісін орындау мақсатында 2011 жылдың 2 наурызында серіктестік қатысушыларының жиналысындағы жалпы шешім негізінде аталған қарыз көлемін өтеу үшін кәсіпорынның мүлкі оларға өткізілген.

Плешанов Серіктестіктің сол жиынына қатыспай, өз құқығы бұзылды деп танып, кәсіпорынның мүлкін онсыз беріп қойғанына қарсы болып, 2013 жылдың ақпан айында айлакерлік әрекетін тергеу ісі органына жүгінген. Алматы прокуратурасына қалалық ІІД мен Медеу аудандық прокуратурасының лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты бірнеше рет шағымдануынан ешқандай нәтиже шықпаған.

Игорь Митрофанов жоғарыда аталған аталған дау азаматтық-құқықтық алаңда шешілуі керек деп атап көрсеткен, ол үшін бұл мәселенің тексерілуіне негіз болған  заңдық күшіне енген сот актілері бар.

Өазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілеттік аппараты өтінім материалдарын зерттеп, кәсіпкерлік субъектісінің құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатында кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын тексеру өтінішімен ҚР Бас Прокуратурасына жүгінді.

Тексеру қорытындысы бойынша, Алматы прокуратурасы 2017 жылдың 7 маусымында хабарлап, қылмыстық құқық бұзушылық ісі жоқ болғандықтан, «Желтоқсан орманы» ЖШС кәсіпорнының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғанын айтты.

Игорь Митрофанов ресми хат арқылы алғыс білдіріп, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілге қолдау көрсетіп, кәсіпкер құқығын қорғауды кәсіби тұрғыдан жедел қимылдап, шешім қабылдағаны үшін рахметін айтты.

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілеттікке, атап айтқанда жәрдемдескен Ақан Абдрахмановқа алғыс айтамын. Ұлттық палата қызметкерлерінің кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, жәрдемдесетініне көз жеткізгеннен кейін, жемісті еңбек етіп, бірлесіп жұмыс істеуге ықылас танытамыз», – деп атап өтті Игорь Митрофанов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер