«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда шаруаларының біліктілігі назарда

2017 жылғы 31 Шілде
- Қызылорда облысы
4282 просмотров

«Агробіліктілік орталығы» 140 кәсіпкерді оқытты

«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған «Агробіліктілік орталығы» мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы  ауыл шаруашылығы саласыдағы 140 кәсіпкерді оқытып, біліктілігін жетілдірді. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова хабарлады.

Биыл облыс бойынша өсімдік және мал шаруашылығы бағыттары бойынша 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарланған болатын.

Қорытынды семинар «Жылқы шаруашылығы» бағыты бойынша Жаңақорған ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі – «Бақытжан» шаруа қожалығында өткізілді.

Семинар барысында тыңдаушыларға етті және сүтті бағыттағы жылқы малының ерекшеліктері мен артықшылықтары, күтіп-баптау мен түрлі ауруларының алдын алу тәсілдері, мемлекет тарапынан берілетін көмек түрлері және өзге де тақырыптар теориялық сабақ барысында түсіндірілді.

Практикалық сабақ барысында арнайы құралдардың көмегі арқылы жылқы малына бонитировка жүргізу, чиптерді салу және таңба басу жұмыстары көрсетілді.

Семинарды «Агробіліктілік орталығы» ЖШС ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаттары сарапшы Дәурен Сыдықов пен лектор Оралбек Әліханов жүргізді. Қорытындысымен 17 тыңдаушыға сертификаттар табысталды.

Жалпы осы жылы облыс бойынша өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша өткізілген 4 семинарға 70 тыңдаушы, мал шаруашылығы бағыты бойынша өткізілген 4 семинарға 70 тыңдаушы қатысты.

Айта кету керек, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат алғыңыз келсе, «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер