Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға мән беру керек
JUMORE халықаралық электронды сауда алаңына отандық 70 компания тіркелді
«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілер форумында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев сауда, экспорт пен сатып алулар мәселесіне тоқталды.
Нұржан Әлтаев отандық тауар өндірушілер форумы Елбасының бастамасымен ұйымдастырылғанын, жыл сайын мән-маңызы артып келе жатқанын ерекше атап өтті.
«Қазіргі жағдайда отандық өнідірісті дамыту – басым бағыттардың бірі. Бүгінде шикізат нарығында баға тұрақсыз. Бұл ең алдымен көмірсутекті шикізатқа қатысты. Сондықтан, Қазақстанның өзге салаларды дамыту керектігі айқын. Ең алдымен, ауыл шаруашылығы, ішкі және сыртқы сауда саласына қатысты, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға мән беру керек. Көршілес мемлекеттердің ауқымды нарығы барда бұл орындалатын тапсырма», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.
Мұнымен қоса, Нұржан Әлтаев Қазақстан экономикасын барынша ашық әрі серпінді дамуын қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті ете алатынын ерекше атады. Өткен жылғы форумда сауда, сатып алулар мен экспорт мәселесі талқыланды. Бірыңғай экспорттық стратегияны дайындау ұсынылған. Бүгінде бұл стратегия әзірлену үстінде.
«Бірыңғай экспорттық стратегияны дайындау жұмысы атқарылып отыр. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің өнімдерін экспортқа шығару мақсатында заманауи сауда платформаларын, яғни электронды сауда алаңдарын қарастырып отырмыз. Биыл «Атамекен» қытайдың JUMORE компаниясымен бірегей келісім жасалды. Бүгінде отандық 70 тауарөндіруші компания тіркелді», – деді Нұржан Әлтаев.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде JUMORE электронды сауда алаңы 2017 жылдың соңына дейін Қазақстан компанияларын тегін тіркейді.
Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының IV Съезінде «Атамекен» мен «Zoodel» компаниясының арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Zoodel» – В2В онлайн сауда алаңы, оған «Жібек жолы» елдерінің сауда компаниялары кіреді. Атап айтқанда Иран, Ирак, Түркия, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан, Үндістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ливан, Қытай мен Ресей елдерінің компаниялары тіркелген.
«Zoodel» порталына тіркелген әрі оның қызметін пайдаланып отырған отандық компаниялардың саны шамамен 1000 компанияға жетті, олардың көпшілігі экспорттаушылар.
Қазақстан тауарлары мен қызметтерін халықаралық нарыққа шығару мәселесін жиі көтерілетін мәселелерді бірі. Мысалы, Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 840 млн АҚШ доллары сомасына ынтымақтастық үшін 92 құжатқа қол қойылды. Ал Қазақстан-Араб Әмірліктерінің бизнес-форумында келіссөздер жүргізіліп, екі елдің сауда-экономикалық байланысы нығайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: