«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлік прокуратурасы бизнес мәселесіне мойын бұрды

2017 жылғы 26 Шілде
- Қызылорда облысы
2822 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мен Көлік прокуратурасы бизнесмендердің мәселесін бірге шешпек

Жақында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік палатаның директоры Ғалымбек Жақсылықов пен облыстық көлік прокуроры Тимур Шүленбаев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Шара барысында Ғалымбек Жақсылықов: «Кәсіпкерлер палатасымен облыс көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнестегі әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында прокуратура, Әділет, Мемлекеттік қызмет істері департаменттерімен, сондай-ақ салық органдарымен әріптестік негізде жұмыс жасап келеміз. Мәселен, кәсіпкерлер енді жоғарыда аталған әр мемлекеттік органды араламай-ақ, мәселе туындаған жағдайда апта сайын Кәсіпкерлер палатасында өткізілетін қабылауларға қатысуға мүмкіндік алды», – деп хабарлады.

Сонымен қатар, палата басшысы Кәсіпкерлер тарапынан көлік тасымалдау саласына қатысты мәселелердің жиілеуі Көлік прокуратурасымен арнайы Меморандум жасауға себепші болғанын жеткізді.

Қос тарап алдағы уақытта осы салаға қатысты туындауы мүмкін мәселелердің болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, заңсыздықтар мен әкімшілік кедергілердің алдын алуға, сонымен бірге мәселе туындаған жағдайда бірлесе жедел шешуге уағдаласты.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасына жыл басынан бері бизнес өкілдерінен 100-ден астам өтініш түсіп, оның 44-і оң шешілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 217 млн.766 мың теңгесін сақтап қала алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер