Ақтөбеде жаяу жүргіншілердің жол белгісі күн көзінен қуат алады
Ақтөбе облысының 9 кәсіпорны «Қазақстанның үздік тауары-2017» көрме-байқауының республикалық деңгейіне қатысады
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар»
«Светоком» ЖШС Қазақстанда бағдаршам шығаратын жалғыз кәсіпорын. Сондықтан өңірлік кезеңде бұл компания «Өндірісітк мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша сенімді жеңіске жеткен. «Made in Aktobe» бренді тауарына республиканың көлік жүргізушілері жақсы баға берді.
Бағдаршам құрал-жабдықатрының алғашқы нобайлары 16 жыл бұрын қолға алынған. Екі жылдан кейін кәсіпорын өнімді сериямен шығаруды бастаған. Бүгінде кәсіпорын 20 түрлі оптикалық құралдарды жасайды, ондағы жергілікті қамту үлесі 80%-ды құрайды.
Бағдаршамдар тек тапсырыс арқылы шығарылады. Қазіргі таңда өндірісте Семей қаласына арналған бағдаршамдардың ірі партиясы жасалуда. Былтыр кәсіпорын электр қуатын айтарлықтай үнемдейтін мыңға жуық замануи жабдықтарды жасап шығарған.
Компанияға өнім экспорттау бойынша түрлі ұсыныстар түсуде. Ұсыныстар 5 шет мемлекеттен түскен. Қазақстандық бағдаршамдардың шетелдік баламалардан артықшылықтары бар. Тұтынушылар бағдаршамдардың түсі жарық жануы мен ұзақ мерзімділігін және диспетчерлік бақсаруының оңтайлылығын атап өтуде. Диспетчерлік басқару интернет арқылы жұмыс істеп, қашықта орналсқан жарықдиоттық құралдар жұмысын реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Өндірістегі соңғы жаңашылдық – күн көзінен қуат алып, жұмыс істейтін жаяу жүргіншілердің жол белгісі.
«Бұл құрылғылар күн көзінен қуат алады. Яғни күн батареясы күннен энергияны алады да аккумуляторға қуат береді. Аккумулятор қуатты сақтайды. Ешқандай электр қуаты керек емес, демек бұл нағыз үнемділік. Мұндай белгілерді біз Ақсай мен Ақтау қалаларына орнаттық», – деді өндіріс бухгалтері Екатерина Исаева.
Бұл аталымда екінші орынды «MIAL-KZ» ЖШС еншіледі. Бұл серіктестік Батыс Қазақстан бойынша полиуретанмен жұмыс істейтін жалғыз компания. Кәсіпорын отандық нарықта 2012 жылдан бері жұмыс істейді, полиуретан өнімдерін жөндеу және шағырумен айналысады. Полиуретан өнімдері арасында ерекше, тіпті көне бұйымдар кездеседі. Мәселен, кәсіпорын тозығы жеткен полиуретан мен резіңкеден жасалған кез келген детальді қайта жасап шығара алады.
Полиуретанды өнім негізінен көлік жабдықтарында, техникалық өндіріске қажетті бөлшектерде кездеседі. Полиуретан өнімін пайдалану басқа материалдарды қолданудан гөрі арзанға түседі. Сонымен қатар бұл өнім сапалы, қолдану мерізімі ұзақ келеді.
«Соңғы жылдары кәсіпорын тау-кен қазу, машина жасау, мұнай химиясы және басқа салаларға арналған полиуретаннан жасалған дайын өнімдерді шығарудың технологиялық тізбесін іске қосқан. Кәсіпорын тапсырыс берушілерге жобалаудан бастап өндіріске дейін толық қызмет көрсетеді. «Шығарылатын өнімнің таралу көкжиегі Өңірлік кәсіпкерлер палатасы атсалысуымен кеңейіп келеді. Қазіргі таңда көлік өнеркәсібін де қолға алдық. Бүгінгі күні клиенттің кез келген тапсырысын, кез келген көлемде орындауға мүмкіндігіміз бар. Біз кез келген қалыпты жасай аламыз, басты артықшылығымыз да осында. Тапсырыс беруші қандай болсын формада бөлшек әкелсе де, біз оны жасай аламыз. Клиент уақыты мен қаржысын да үнемдей алады», – деді «Mial-KZ» ЖШС сату бөлімінің бастығы Ерлан Тахаунев.
Зауыттың сату мен өткізу кеңістігі ауқымды, Қазақстанның барлық өңірлерінде тұтынушылары бар. Шекаралас тұрған Орынбордан да жиі тапсырыстар түседі.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша үшінші орын «СТАЛЛИТ» ЖШС-на бұйырды. Кәсіпорын «Актюбсельмаш» зауытының 17-құю цехы базасында құрылған, кәсіпорын нарықта 15 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Өндіріс түрлі құю өнімдерін шығарады.
Канализациялық люктер, ағызу торлары, қала абаттандыруға арналған темірден жасалған өнімдерді жасайды. Кәсіпорында 30 шебер жұмыс істейді. Кәсіпорын қуаты – айына 40 тонна өнім шығару. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Трансэнерго» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және басқа да ірі компаниялармен жұмыс істейді. Өйткені Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша нарықта бұл компанияға тең келетін кәсіпорын жоқ. «Сталлит» ЖШС Орал, Ақтау, Атырау, Павлодар, Алматы, Астана және басқа да қалаларға өз өнімін жеткізіп отыр.
«Шығарылатын көлем де бар, сұраныс та бар. Өнім көлемін көбейтін, өндіріс қуатын бес есе арттырмақпыз. Қазір темір жол вагондарына арналған желтартқыштарды да әзірлеп жатырмыз. Шақпақтас зауытына арнап марганец болатынан қалың құрыш құямыз. Сондай-ақ, қола, алюминийден жасалған өнімдерге жекелей тапсырыстар түседі», – деді «Сталлит» ЖШС директоры Александр Буданов.
«Халыққа арналған үздік тауар»
Бұл аталым бойынша үштікті «Стар Тайм» ЖШС бастап тұр. Компания 2003 жылы жалюзи мен рол-жақтаулар нарығы енді қалыптасып жатқан уақытта құрылған. Ол кезде «Стар Тайм» атты шағын фирманы жас кәсіпкер Асқар Болатов құрған.
Кәсіпорын алғашқы күннен бастап жалюзилерді жасау, сату және орнатумен айналысып, өңірде жетекші фирмаға айналды. Уақыт өте келе кәсіпорын терезелерге пердеше ілу, терезе мен үй интерьері дизайнын дайындау, түс таңдау бойынша қызметін жетіле түсті. Осының нәтижесінде «Стар Тайм» ЖШС Қазақстан өндірісі нарығында жетекші позицияларға ие болды.
2005 жылы компания басшылығы терезелерді қорғайтын рол-жақтау жасау өңірдегі алғашқы цехын ашады. Компания рол-жақтауларды өндіру мен монтаж, құрастыру жұмысын жолға қойған соң, гараж қақпаларын әзірлеуді бастады. 2016 жылы «Стар Тайм» ЖШС ПВХ-профильдерден жасалған өнімдер (терезе, есік, балкон, торлар) және алюминий құрастырмалары (витраж, балкон-купе, кеңселік қабырғалар) өндірістік цехын ашады. Жаңа жұмыс орындарындар ашылды.
2012 жылы компания СТ-KZ тауардың шығу тегі туралы сертификатты иеленеді. 2015 жылдан бастап «Стар Тайм» «Hoffmann Aluminium» сауда маркасы бар «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС зауытының қайталанбас дистрибьютері болды. «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС Қазақстан Республикасында алюминий профильдерін сығып құю бойынша үздік үш компания қатарына кіреді.
«Бүгінде өндіріс кеңістігін ұлғайту, өнім сапасын арттыру, қызмет көрсетуді жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнім толығымен өндірісте жасалатындықтан біздің тауар өзге кәсіпорындар өніміне арзан келеді. «Стар Тайм» ЖШС баға тағайындау саясаты тұтынушылардың орташа табыс деңгейіне қарай қойылады», – деді кәсіпорын директоры Асқар Болатов.
«Халыққа арналағн үздік тауары» атылымы бойынша Республикалық деңгейде сыналатын екінші компания – «TALAN Technology» ЖШС.
Бұл кәсіпорын тозығы жеткен көлік шиналарын тегін түрде қайта өңдеу арқылы қалдықтарды кәдеге асырып, балалар ойын алаңдарына арналған экологиялық таза төсеніштерді шығарады. Компания өнімдері сондай-ақ, мұнай өндірісінде де қолданылады.
Ақтөбеде осындай кәсіпорын ашу идеясын жергілікті кәсіпкерлер 2015 жылы қолға алады. Жобаны облыс әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Ақтөбе» ӘКК қолдады. Индустриялы аймақта кәсіпорынға арнап орын бөлінді. Бүгінде жартылай автоматты станок 12-сағаттық аусымда 100 ш. м тақта өндіреді. Көлік щиналарын қайта өңдеудің жылдық қуаты 5 мың тоннаны құрайды, ал экологиялық таза тақта өндірісі жылына 72 мың ш. м-ді құрайды. Шығарылатын өнім құрамының 90%-ы отандық құрауыштардан тұрады. Қазіргі таңда компания клиенттік базаны жасақтап отыр. Резіңке өнімнің алғашқы партиясы Ресейге жөнелтілді.
«Біздің резіңке жабын құрамында желім үлесі тек 6%-ды ғана құрайды. Яғни зиянды қоспалар жоқтың қасы. Кәсіпорын өнімі мектеп құрылысы, жүгіру алаңдарын құруда пайдаланылады», – деді «TALAN Technology» ЖШС бас директоры Василий Лагизов.
Ақтөбе жиһаз компаниясы республикада үздік кәсіпорын атануға күш салуда. «Ақтөбе жиһаз компаниясы» ЖШС 2002 жылы құрылған. Кеңсе мен үйге, білім беру, медицианлық мекемелеріне арналған жиһаз халық көңілінен шығып отыр. Германия, Италия, Польша және Турция фирмаларының жетекші жабдықтары мен өндірісте жоғары сапалы материалдарды қолдану арқылы кәсіпорын шығаратын өнім сапасы жақсы. Өнім сапасы ISO 9001 жүйесі бойынша бағаланған. Компания Ақтөбе рельсбелағаштық зауыт, Ақтөбе мыс компаниясы, Жаңажол ГТЭС сынды кәсіпорындарға жиһаз жеткізеді.
«Үздік азық-түлік тауары»
«Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша өңірді «ИРКИНАЛИНОВА З. Е.» жеке кәсіпкерлігі таныстыратын болады. Кәсіпорынның сауда маркасы «Ваниль» деген атпен танымал. «Ваниль» кондитерлік үйдің иесі Зәуреш Иркиналинова. Іскер әйел үнемі жаңашылдыққа жаны құмар, идеяларды іске асырып, «Ваниль» жұмысын жетілідіруге асығады. Осындай әрекет кәсіпорынға өңір аймағында танылуға жол ашты.
Ақтөбеде кондитерлік үй 2009 жылдан бастап жұмыс істеп, бірден халық сүйспеншілігіне бөленді. Қазақстан бойынша үш, Ресейде үш фирмалық дүкен ашылып, екі кафе мен кафетерий іске қосылған. 2015 жылы өндірістің толық жаңғыруы жүргізіліп, өндіпсте жаңа итальяндық жабдық орнатылды, «Ваниль» кондитерлік желісі қызметкерлеріне біліктілік сабақтары жүргізілді. Бүгінде кондитерлік үй 200-ден астам өнім шығарады. 2017 жылы шоколод өнімінен жасалған «Campeet» сыйлыққа арналған өнім желісі іске қосылды. Осы марканын ерекше өнімі ретінде шоколадтағы жентті айтуға болады. «Бұл дәстүрлі қазақ жентінің заманауи түрі. Жент талқан, сары май, бал, мейіз бен жаңғақтан, және бельгиялық шоколодпен қапталып, дайындалады. Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінде «Ваниль» компаниясы шоколадтағы жентті зор мақтанышпен таныстырды. Ұлттық мұралы, таңдамалы өнім – осы біздің жент», – деді кодитерліктің директоры Зәуреш Иркиналинова.
«Агрофирма тау» ЖШС – Хромтау сүт зауыты. Бұл кәсіпорын «Milkiland» маркасымен танымал. Сауда маркасы 100%-ға қазақстанда өндіріледі. Сүт хромтаулық және мәртүктік фермерлерден сатып алынады. Цех қуаттылығы тәулігіне 15 мың тонна сүт өнімін өндіреді. Барлығы 20 аталым шығарылады. Айран, йогурттар, ірімшік, сары май мен басқа да сүт өнімдері жоғары сапалы. Компания өндірісте термостатты әдісті қолданады, яғни өнім қаптамада толық дайын болу деңгейіне жетеді. Осылайша өнім өзінің пайдалы қаисеттерін сақтайды.
«Өнімге қажетті негізгі шикізат – сүтті жергілікті шаруа мен фермерлік қожалықтардан аламыз. Бізде сүт қабылдау орталықтарымыз Мәртүк ауданында бар, сонымен қатар Хромтау ауданы бойынша ірі шаруа қожалықтарымен жұмыс істейміз. Демек, шығарылған өнім де, өнім оралған қаптама да Қазақстанда өндіріледі. «MilkyLand» маркалы өнімді сатып алған тұтынушы біздің кәсіпорынды ғана емес, жергілікті қожалықтарды қолдайды деген сөз», – деді «Агрофирма «ТАУ» ЖШС директоры орынбасары Мирболат Ағдәуітов.
Фирма ақтөбелік супермаркеттер мен сауда нүктелері, мектеп, балабақшалар, диспансерлерге, сондай-ақ, өңірдің ірі кәсіпорындарына сүт өнімдерін жеткізеді. Көрші облыстар мен Астанаға тауар жеткізу жолға қойылған.
Үздік атануға дағы бір үміткер «Айбек» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы. ӘКК 2007 жылы құрылған, оның базасында Алға ауданының 10 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Корпорация құрамында жер учаскілер, бордақылау алаңдары, мал сою цехы бар. Мал сою цехы бір ауысымда 8 тонна ет өндіреді. Кәсіпорын өңірде мал сою, етті сақтау, өндеу, шұжық өнімдерін жасау, консервілеу бойынша толық циклді ет комбинаты болып табылады. Ет комбинаты базасында үш цех: мал сою, шұжық жасау цехы мен консервілеу цехы және дүкен бар.
Консервілеу цехы жоғары өнімді транспортерлермен жабдықталған. Бір аусымда 48 мың банка өнім шығарылады. «Комбинат өнімі экологиялық таза, өйткені, өнім стандарттарға сай жоғары сұрыпты салқындатылған еттен дайындалады. Комбинатты сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін біз жеке шаруа қожалықты құрдық. Консерві дайындаудың барлық деңгейінде сапа бақылауы жүргізіледі», – деді ӘКК директоры Айбек Қалдығұлов. Өнім «Sybaga» маркасымен саудаланады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: