«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Премьер-министрі солтүстік жұртынан нені естіді?

2017 жылғы 21 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
5876 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін қаржыландыру үшін 19 шағын несие ұйымы мен 13 ауылдық несие серіктестігі жұмыс істейді

Министрлер кабинетінің басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында, «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласында берілген міндеттерді жүзеге асыру барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысты республикалық жиыналыс өткізді. Жиынға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Сонымен қатар ҚР Премьер-министрі Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палата Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесуге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, СҚО кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің өкілдері мен аймақтағы бизнесмендер қатысты.

Басқосуда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік ортаны қайта реттеу, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері талқыланды.

Осы жылдар аралығында атқарылған жұмыс нәтижесінде «Атамекен» мемлекеттік органдардың барлығымен байланыс орната алғанын атап өткен жөн. Ең алдымен министрліктер, құқық қорғау органдары және ҚР Парламентімен өзара байланыс бекіді.

Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін қаржыландыру үшін 19 шағын несие ұйымы мен 13 ауылдық несие серіктестігі жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл несие ұйымдарында бірқатар олқылықтар орын алған: қысқа мерзімді қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі жоғары, серіктестік қатысушылары мен ауыл шаруашылығы жобаларына ғана қаржы беріледі.

Жиын барысында осы және өзге де айтылған мәселелер бақылауға алынды.

Жұмыс сапарында Бақытжан Сағынтаев «Петропавл» халықаралық әуежайының жұмысымен танысты. Қайта құру және әуе тасымалының даму келешегі жайлы ақпарат берілді. Іс-сапар Солтүстік Қазақстан облысындағы көп салалы «Зенченко и К» аграрлық кәсіпорнында жалғасты. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобаларын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шаралары, оның ішінде Агроөнеркәсіпкешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырып келеді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жалпы егістік алаңы шамамен 26,6 мың гектар. Бидаймен қатар майлы дақылдар, картоп мен жем-шөп өсіріледі. Мұнымен қоса, мал шаруашылығымен және сүт өнімдерін дайындаумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер