«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылықтар «дабыл түймесін» алып келеді

2017 жылғы 19 Шілде
- Алматы қаласы
10336 просмотров

Елордада «дабыл түймесі», ұлттық нақыштағы алжапқыш пен әскери аяқ киім таныстырылады

Алматы өндірушілері «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының 144 жеңімпазының ішінен көшбасшы атануға ниетті.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымы

Мектеп формасын тігудің үздігі

«Angelcher» компаниясы қарапайым тігін шеберханасынан бастаған Алматы мен Астана қалаларында дүкен желісін ашқан табысты кәсіпорынның керемет үлгісі бола алады. «Angelcher» – мектеп формасын, ерлер мен жасөспірімдерге, балаларға арнап костюмдер, арнайы киімдер мен бірыңғай форма тігудің шебері, осы саланың көшбасшы кәсіпорны.

«Біздің өнімдерімізді пайдаланып, жылы лебізін білдірген тұтынушылардың қатары жылдан жылға артып келеді. Бұл зерттемелеріміздің негізінде жатыр. Биыл көптеген жаңа үлгі дайындап, ескілерін жақсарттық. Ұл балаларға арналған үлгілер толықтай жаңа, өлшемдері мен бойына қарай таңдау мүмкіндігі артты. Енді ең бойшаңдар немесе стандартқа сай келмейтіндердің өзі киім таңдауда қиналмайды! Бізге әлеуметтік аспект маңызды. Біз мектеп формасының бағасын барынша арзандатуға тырысамыз. Ата-аналар сапалы да әдемі киім сатып алғанын қалаймыз. Тұтынушылар саны жыл сайын артып келеді, бұл компанияның кепілі деп білеміз», – деп атап өтті компания директоры Артем Ангельхер.

Әскери аяқ киім қалай дайындалады?

«Жетicу» фабрикасы аяқ киімнің 100-ден астам үлгісін тігеді.

Негізінен әскери мамандарға арнап тігеді. Ең сапалы, табиғи материалдар тігілген аяқ киім. Ауа температурасының 70 градус аязынан бастап 100 градус ыстыққа дейін төзімді. Табаны екі қабат етіп құйылып, ұлтарағына камбрель пайдаланылады, терді сіңіруі жақсы әрі қышыма қотырдан сақтайды.  

«Жақында тұрғындарға арнап аяқ тігуді бастадық. Ел нарығындағы басты бәсекелес – қытай фабрикалары. Кәсіби маман ретінде айтарымыз, сырттан әкелінетін тауарлардың ішінде таза былғарыдан тігілгені жоқ. Тіпті қымбат өнімдердің арасында да. Қазақстанда аяқ киім тігуді дамытуға болады деп нық сеніммен айта аламыз. Тұтынушыларымыз отандық өнімнің сапасы жоғары екенін, ұзаққа шыдайтынын әрі денсаулыққа пайдалы екенін түсінуі керек. Дизайнерлер сән әлемінің озық үлгілерін назарға алады. Бұл тұтынушыларымыздың сәннен қалмауына сеп», – деп атап өтті «Жетісу» фабрикасының директоры Қанатбек Оспанов

Ұлттық стильдегі бірыңғай форма

«Profi Moda» дизайн-бюро ұлттық нақыштағы арнайы форма тігумен танылды. Ателье жұмыс істеген 23 жылдан ішінде Қазақстанда бірыңғай форма жеткізетін үздік кәсіпорынға айналды. «Profi Moda» маркасы барлық сала қызметкерлеріне арналған сәнді де ыңғайлы киім тігеді. Бір ғана алжапқыштың 98 үлгісі бар. Үш жыл бұрын Ресейге экспорттауды басты.

«Бізге дейін арнайы киімде ұлттық нақышты ешкім қолданбады. Мұндай үлгідегі киімдерді көп жылдан бері Қазақстанды таныстырып келе жатқан елшілік қызметкерлеріне арнап тігіп келеміз. Бүгінде ұлттық өрнекке деген қызығушылық жоғары. Қазақстан қонақ үйлеріне арнап осындай стильде киім тігуді бастады. Арнайы бас киімдер, көз тартарлық кесте – өте күрделі жұмыс. Сондай-ақ балаларға арнап түрлі шеберлік сағаттары үшін киетін киімдердің үлгісін әзірлеп жатырмыз», – деп хабарлады компанияның бас директоры Ирина Горшкова.

«Үздік азық-түлік тауары» аталымы

Ресейліктерге арналған халал шұжық

Қазақстан халқы 19 жылдан бері «Бижан» компаниясының өнімін тұтынып келеді. Шұжықтың 80-нен астам түрі мен ет деликатестерін шығаруда компания жеке меншік шикізатын пайдаланып келеді. Ферма мен мал соятын цех Көкшетауда орналасқан, ал ет өңдейтін зауыт – Алматыда. Компания барлық «Халал» стандартын сақтап, жоғары сапада өнім шығарғаны үшін халықаралық көрмелердің медальдары мен дипломдарына ие.   

«Пісірілген шұжықты кез келген шағын цех дайындай алады. Ал біздің зауыт ұлттық деликатестерді жоғары сапада шығарумен ерекшеленеді. «Бижан» компаниясының жылқы етінен дайындайтын өнімдері Мәскеуде де танымал. Бүгінде Санкт-Петербургке тасымалдау келісімшартын жасадық. Шикі-сүрленген өнім шығарумен кез келген кәсіпорын мақтана алмайды. Бұл үшін арнайы жабдық пен технология керек. Шикі-сүрленге өнім дайындау үшін 1 ай бойы қақтау керек. «Бижан» балаларға да арнап  ет өнімдерін дайындайды. Бұл шикізаттың сапасы мен технологияның деңгейін көрсетеді», – дейді «Бижан» ет өңдеу зауытының директоры Хадиша Бижан.

Орталық Азиядағы томат көшбасшысы

Орталық Азияда томат өнімі мен консервіленген көкөністер шығаратын көшбасшы кәсіпорын – «Цин-Каз». 19 жыл бұрын шағын цех ашудан басталған. Бүгінде Қазақстан нарығының 50% қамтып, жылына 6 мың тоннадан астам өнім шығарады.

«Біз сұрыпталымның түрін арттырып келеміз. Негізгі өнім – томат пастасы мен 6 аталымдағы кетчуп. Сондай-ақ, көкөніс салаттары мен соя тұздығын дайындаймыз. Бүгінде кәуап маринадының рецебі мен салатқа қосатын ферменттелген сіркесу әзірлену үстінде. Өніміміз дәмді, пайдалы болғанын қалаймыз. Қаптамалар жетіспегендіктен, кетчуп құятын құтыларды шығаратын өз өндірісімізді қостық. Тәулігіне 7 мың құты шығарылады», – деп түсіндірді «Цин-Каз» директоры Алма Мұқашева.

Қазақстандағы шәй өндірісі

Отандық кәсіпкерлер Кеңес Одағы кезінде, яғни ХХ ғасырдың 50-жылдарында шәй тасымалдаған Үндістанның ірі операторларының бірімен 21 жыл бұрын келісімшарт жасады. Осылайша «Tea House» компаниясы құрылды. Серіктестік шәй қаптайтын жекеменшік шәй өндірісін ашуға дейін алып келді. Бұл барлық кезеңде сапаны бақылауға, логистиканы жетілдіруге мүмкіндік берді.

«Tea House» – Қазақстан аумағында үнді шәйін шығаратын озық кәсіпорын. Біздің екі фабрикамызда «Ассам чай», «Симба», «Наурыз», «Индира», «Тенгри» және «Тамаша» сауда маркасымен 6 аталым шығады. Барлығына да сұраныс жоғары. Елімізде ғана емес, Ресей, Белорусь Моңғолия, Қырғызстанда да сатылады», –  деді компанияның бас директоры Станислав Якунин.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы

Бірегей кәсіпорын

«СОЛО ЛТД» ғылыми-өндірістік компаниясы радиациялық бақылау құралдарын өзі әзірлеп, өзі шығарады. Міне, 26 жылдан бері атом өнеркәсібі кәсіпорындарында, радиациялық және санитарлы-эпидемологиялық деңгейдегі тексеру бойынша қолданылып келеді.

«Біздің кәсіпорын бірегей. Елімізде ядролық құрал жасау саласында қызмет ететін жалғыз кәсіпорын да осы. Біздің өнімдерімізді жақын шет елдерде бағалайтыны соншалық, ресейлік мемлекеттік тексеру қызметі өлшеу негізіне біздің родондық мониторларды алды. «СОЛО ЛТД» артықшылықы – әрдайым инновацияны енгізуінде. Біз тұрақты түрде ғылыми жұмыс жүргізіп, Қазақстандағы радиологтардың оқытумен айналысып келеміз. Қазір қалалар мен елдімекендер экологиясының деңгейін мониторингілеу жүйесін әзірлеу үстіндеміз. Ауа, су, топырақтың деңгейі туралы ақпарат автоматты түрде қабылдау орынана түсіп тұруы керек. Біздің жұмысымын мамандандырылған кәсіпорындарға ғана емес, қарапайым отандастарға да қажет», – дейді «СОЛО ЛТД» компаниясыныың техникалыө директоры Владимир Абеленцев.

Смартфондағы кассалық аппарат

«Smart Pay» компаниясы жұмыс бастаған бір жыл ішінде 30 мың бірлік өнім шығарды. Smart POS – төлеу қабылдаудың мобильдік шешімі. Smart Online KKM смартфондағы кассалық аппарат. Барлық иедя мен сервис «Алаиау» инновациялық технология паркінде жүзеге асады.

«Заң бойынша кәсіпкерлер тұтынушылардың картасымен ақшасыз төлем жасауға міндетті. Шетелдік POS-терминалдардың құны 100 мың теңгеден жоғары. Ал біздің өнім 10 есе арзан. Биыл «ҚазақИнвест» агенттінің қолдауымен Украина мен Ресейдің нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Таяу күндері podpishi.kz электронды құжат айналымы үшін сервис-алаңды іске қостық. Бұл ХҚКО-дан алған электронды қолтаңба арқылы 1 минут ішінде құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді. Жүйенің қарапайымдылығы кез келген смартфонда немесе компьютерде электронды қол қоюды қамтамасыз етеді. Smart POS жүйесін бірге енгіду Қазақстанды экономика саласында цифрлық сервисті пайдалану бойынша көшбасшылар қатарына қосады әрі салық жинауды 10-15%-ға арттырады. «Smart Pay» һнімі Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына толық сәйкескеледі, сондықтан оны ел экономикасының цифрландырудың 68 бағдарламасына қосуға өтінім бердік», – деді «Smart Pay» компаниясының директоры Олжас Құндақбаев.

«Дабыл түймесі»

«iDC» компаниясы – сенсорлы жабдық шығарудан көшбасшы. Жоғары оқу орындары мен мектептерге арнап интерактивті параталар мен тақталар дайындау, ресми іс-шаралар мен салтанатты меркелерлер үшін шешім, түрлі терминалдар мен басқа да жабдықтар Алматыда шығарылады.

«Біздегі басым бағыт – білім беру саласына арнап сенсорлық жабдық шығару. Біз синхронды қашықтықтықтан оқытудың, ситуациялық орталықтардың, электронды өткізу жүйесі мен басқалары үшін шешім жолын таптық. Төтенше жағдайда бір ғана түймені басу арқылы қалалық полиция, төтенше жағдай департаменті, жедел жәрдемге және басқаларына бірден видеоқоңырау түседі. Бүгінде «iDC» компаниясының сенсорлық жабдығын отандық банктер, эдектронды үкімет пен ірі сауда орындары қолданады», – деп таныстырды компания директоры Владимир Воробьев.

Көрмені тамашалаңыздар!

Астанада 28-30 шілде күндері «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің форумы өтеді. Іскерлік шарада сатып алу, өткізу, сауда және экспорт мәселелері талқыланады.

Форумның басты идеясы – отандық тауар өндірушілерге ірі тапсырыс берушілермен тауардың сапасын жақсарту, өткізу, сатып алу ашықтығын арттыру, экспортқа шығу мәселелерін талқылау. Өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін «В2В» форматында кездесу ұйымдастырады.

Форумға қатысу үшін http://ulydalaeli.kz сайтында тіркелу керек.

Сонымен өатар «Ұлы дала елі» форумы аясында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы мен 206 компания қатысатын «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтеді. Алғаш рет «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада 350 үздік компания өз өнімдерін ұсынып, көрме қонақтары тікелей өндірушілерден тауар сатып алуға мүмкіндік жасалмақ.

Көрме өткізілетін уақытта, яғни 28-30 шілде аралығында күн сайын сағат 16-00-де бағалы сыйлық ұтысы ұйымдастырылады.

Көрме сағат 10-00-ден 18-00 аралығында өтеді, кіру тегін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер