«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда кәсіпкерлері Бантенге баруға ниетті

2017 жылғы 18 Шілде
- Қызылорда облысы
4812 просмотров

Индонезиялық делегация қызылордалық кәсіпкерлермен әріптестік орнатуға мүдделі

Жақында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына Индонезия Республикасы Елшілігінің экономикалық жəне саяси сұрақтар бойынша бірінші хатшысы Торанг Пакпахан бастаған делегация Палатаның жұмысымен танысты.

«Индонезиядан келген қонақтарды Кəсіпкерлер үйінің, Палатаның жəне Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныстырдық. Индонезия кəсіпкерлері мен біздің аймақ кəсіпкерлерінің алдағы уақытта түрлі салалар бойынша байланыс орнату мүмкіндіктерін қарастырдық. Өз кезегінде индонезиялық делегаттар қазан айында Бантенде өтетін Сауда көрмесіне шақырды», – деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Кездесу барысында Қызылорда облысы және Индонезия Республикасының кәсіпкерлері арасындағы әріптестікті нығайту, екі жақты сауда-саттық және инвестициялық мүмкіндіктерін қарастыру, импорт және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері қозғалды.

Алдағы уақыттағы екі жақты тиімді әріптестік қатынасты нығайту мақсатында бүгінде Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Индонезия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен меморандумға отыру шарасын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Айта кету керек, қызылордалық кәсіпкерлер 11-15 қазанда Бантен Провинциясында өткізілетін Сауда Көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отыр.

Бұл ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Индонезия Республикасымен нақты қатынас қадамдарының басталып, экономикалық әріптестік орнатуға мүдделі екенін жеткізе отырып, Индонезияда өтетін Сауда Көрмесіне қатысуға ниетті азаматтарды Палатаға хабарласуына болады. Жауапты маман – Жасұлан Серіков. Байланыс телефоны 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі нөмір: 4316/.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер