Бизнеске «бір терезе» беріңіз
«Атамекен» алыңында шағын және орта кәсіпкерлік, жалға алу мен сақтандыру мәселелері талқыланды
12 шілде күні ҰКП Төралқасы Шағын және кәсіпкерлікті дамыту комитеті мен Сауда комитетінің бірлескен отырысы өткізілді.
«Күн тәрібінде – үш мәселе. Ең бірінші «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ШОК субъектілерін қаржылай емес қолдау жұмыстарын іске асыру міндеті тұр. Екінші, жалға алу құнын индекстеу, үшінші, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Айта кетейін, көп кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығын түсінбейді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Сауда комитеті төрағасы Қайрат Мәжібаев.
«Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылдан бастап «БЖК-2020» бағдараламасы аясында бизнеске қаржылай емес қолдау көрсетуге жетекішілік етеді. Бизнесті жүргізудегі сервистік қолдау мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық қамтамасыз ету – қаржылай емес қолдау көрсетудің басты құралардары болып отыр.
Сервистік қолдау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізіледі. Кәсіпкерлерге арналған арнайы қызмет те, жекелей кеңес беру де тегін жүргізіледі. Қызмет көрсетудің сапасын айтар болсақ, департамент қызметкерлері мен жеке өз басым аудан және облыс орталықтарына барып, құпия сатып алушы ретінде орталықтардағы қызмет көрсетудің сапасын бағалаймыз. Кәсіпкерлердің пікірін біліп, жергілікті ахуалдан хабардар болу үшін call-орталықтар құрылған. Осылайша жұмыстың кез келген құрауышын жетілдіруге күш салынады. Айта кетейін, облыс деңгейінде жыл бойына орындалуы қажет 30 мың қызмет түрін бүгінгі таңда орындалған. 32 мың қызмет түрі көрсетілген», – деді «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры Нариман Әбілшайықов.
Бүгінгі таңда сервистік қолдау жұмыстары республика бойынша 27 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жүргізіліп жатыр. 189 Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары моноқалалар, аудан орталықтары, қалашықтарда жұмыс істеп тұр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 35 199 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 57 345 сервистік көмек атқарылды. 2016 жылы 46 000 кәсіпкерге 66 112 сервистік көмек жасалды. Жалпы сомасы 38 млрд теңгені құрайтын 4 500 жоба сүйемелденді. 2015 жылдан бастап Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына түскен өтінімдер саны 2,5 есе артқан.
2018 жылдан бастап кәсіпкерлерге қолдау мен қызмет көрсететін бір терезе тәртібініде «Біліктілік орталығы» болады. Осындай орталықты құру арқылы жобаларды тиімді іске асыру мен қызмет көрсетудегі қайталауларды болдырмауға жол ашылады.
«Қаржылай емес қолдау кәсіпорындардың заңдық әрі технологиялық тұрғыда жұмыстарын анағұрлым тиімді етуді көздейді. Келесі жоспарларды қарастырғанда өніміміздің қаншалықты тиімді екенін бағалауға болады. Бұл «Атамекен» айналасындағы бизнес жобаларды шоғырландыруға көмектеседі»,– деді Сауда комитеті төрағасы.
Сервистік қолдауды мемлекеттік органдар орындағанда қаржылай емес қолдау айналысында сын көп айтылатын, бұл қызметті «Атамекен» ҰКП қолға алғаннан соң қолдау түрлері әр кәсіпкерге жекелей жүргізілетін болды.
Шараға қатысушылар өңірмен орнаған кері байланыстың маңызын атап өтті. Мәселен, Қызылорда облысы бизнес жоспарлау бойынша теориядан гөрі, тәжірибеге қызығатынын хабарлады. Өз кезегінде «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығының директоры Гүлнар Қуанғанова қолдауды моноқалаларда күшейтуді ұсынды.
Осы жаңалықпен əлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Пікір қалдыру:
Пікірлер: