«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП – КО елдерінің кәсіпкерлері кедендік төлемдерді тауар шыққаннан кейін төлеуді ұсынады

2014 жылғы 19 Наурыз
8606 просмотров

Қазақстан, Белоруссия, Ресейдің бизнес қауымдастығы өкілдері кедендік төлемдерді тауар шыққаннан кейін төлеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Palata.kz

ЕЭҚ мүше үш елдің бизнес қауымдастығы және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен өткен ЕЭК жұмыс тобының отырысында аталмыш ұсыныс айтылды.

Осыған байланысты жұмыс тобы бизнес қауымдастығы өкілдеріне 1 сәуірге дейін ЕЭК-қа бұл норманың нақты редакциясын ұсынуды тапсырды.

Тасымалданушы кедендік салықты төлеу үшін аванс төлемдерін пайдалану мәселесі, басқа да төлемдер (арнайы, антидемпингтік, компенсациялық және басқа да төлемдер) кедендік органдарға тәркілеу ісі ЕЭҚ құру туралы Келісім негізінде қаралуы тиіс. Отырыста дайын өнімді экспорттау барысында, шағын және орта бизнес субъектілерін декларацияның жеңілдетілген тәртібін енгізу мәселесі қаралды. Осыған байланысты, ЕЭК сарапшылар қарауына декларация тәртібін түзіп шығуды тапсырды.

Сондай-ақ, отырыста сарапшылар тобының негізгі тақырыбы - Одақтың Кедендік кодексі жобасын әзірлеу мәселесі қаралады. Онда кедендік бақылау, кедендік сараптама, кедендік бақылау кезінде тауар мен құжатты ұстау мәселесі пысықталады.

ЕЭК-ға Белоруссия, Қазақстан, Ресей бизнес қауымдастығы ұсынған аталмыш бағыт бойынша кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыға салынды.

Сарапшылар тобына кедендік декларацияны тексеру, кедендік бақылауды аяқтау, тауар шыққанша тексеруді бастау, тауар шыққаннан кейін кедендік төлемдер мен салықты төлеуді қамтамасыз ету сияқты – кедендік бақылаудың жаңа формасын енгізуге қатысты мәселелерді әзірлеп шығу тапсырылды.

Сондай-ақ, тауар шыққаннан кейін кедендік кедендік бақылау жүргізу тәртібін жетілдіру, сыртқы экономикалық қызмет мүшелерінің атынан кедендік бақылау кезінде, бастапқы кезекте кедендік органға түскен барлығы бірдей құжат пен мәліметтер туралы кезекті сұрау жүргізуге тиым салу мүмкіндігі жайында мәселені пысықтау тапсырылды.

Кедендік Одаққа мүше елдердің кедендік органдары тауар шыққаннан кейін, кедендік бақылауда 3 жыл тұрған тауарлардың мерзімін белгілеу мүмкіндігін қарау тапсырылды.

Осыған байланысты, ҰКП өкілдері Қазақстанның бизнес қауымдастығы үшін тауар классификациясы және кедендік бағасын белгілеу бойынша шешімдерді қайта қарайтын жаңа норма енгізу туралы ұсыныс жасады. Бұл мәселе бойынша 1 сәуірге дейін нақты редакция ұсынуы қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер