«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексін белсенді түрде талқылауда

2014 жылғы 19 Наурыз
8678 просмотров

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексін әзірлеу бойынша Сарапшылар тобының төртінші отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия мен мүше мемлекеттердің ұсыныстары мен ескертулері талқыға салынды.

Қазақстан сарапшыларының ұсынысы бойынша, Кедендік құжаттарды Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілінде рәсімдеу мүмкіндігін қарастыру мақсатымен, «Кедендік құжаттардың» 3-ші бабының пункты бойынша жаңа редакция  түзіліп шықты. 2014 жылы сәуір айында өтетін отырыста жұмыс тобы 3 пунктты редакциялау бойынша келіспеушіліктерді анықтау тиіс.

Ресейлік сарапшылар Ресей Федерациясының «сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу негізі туралы» Федералды заңының 38 бабын ескере отырып «шектеулер мен тиымдар» терминына қосымша енгізіп, жаңа редакция жасап шығарды.  

Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік органдары атынан сарапшылар Одақтың Кедендік кодексінің 4 бабынан «ішкі нарықты қорғау шаралары» терминін алып тастауды ұсынып отыр. Олардың ойынша, бұл мәселе  Еуразиялық экономикалық одақтың Келісімінде шешімін тапқан.

Белорусстық және қазақстандық сарапшылар Одақтың Кедендік кодексінен аталмыш терминді алып тастауға қарсылық білдірді, себебі, біріншіден, Еуразиялық экономикалық Одақ жөніндегі Келісімде бұл терминнің анықтамасы көрсетілмеген, екіншіден, Одақтың Кедендік кодексі мәтінінде бұл термин барлық жерде қолданылады, оның мән-мағынасын 4 бапта көрсету керек. Тараптарға әзірленген редакцияны қосымша тағы бір қарап шығу туралы ұсыныс айтылды

Сарапшылар «Тауарды Одақтың кедендік шекарасы арқылы алып өтуде тиым мен шектеуді сақтау жөніндегі» 152 баптың жаңа редакциясын ұсынды, осыған сәйкес, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткен тауарлардың  шеттен әкелуге тиым салынғандары Одақтың кедендік аумағынан жедел түрде шығарылуға тиіс.    

Белорусстық және ресейлік сарапшылар егер Одақтың кедендік аумағынан тез арада шығаруға мүмкіндік туылмаған жағдайда тауарды кідірте тұруға мүмкіндік беруді өолдаса, қазақстандық сарапшылар бұл нормаға қарсылық білдірді. Тараптар бұл мәселені де тағы бір қарап шықпақ.

Қазақстандық кәсіпкерлер ұсынған Одақтың Кедендік кодексінің 42 бабын редакциялау бойынша да өзара талқылап шықты. Қорытынды бойынша қазақстандықтар ұсынысының ескере отырып, жаңа редакция түзіліп шықты.

Ресейлік бизнес өкілдері алдына ала ақпар берудің жаңа мақсатын (8 пункт) түзіп шығуды ұсынды. 2014 жылдың сәуір айында өтетін отырыста жұмыс тобы  42 бап 8 пунктын редакциялау бойынша келіспеушіліктерін ортаға салатын болды.

Белорусстық сарапшылар Одақтың Кедендік кодексінен 42 бап 7 пунктынан Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде алдына ала ақпар бермеу туралы норманы алып тастауды ұсынды.Олардың айтуынша, АТА карнетін пайдалану арқылы тиісті жерге келіп жеткен уақытша тауарды кедендік рәсімдеуге болады.

ҚР және РФ сарапшылары ұстанымдары боййынша биылғы жылдың 28 наурызға дейін уақыт қалдырылды.

Сарапшылар тобының отырысы үстіміздегі жылдың 29 наурызына дейін жалғаспақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер