«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада «Бастау Бизнес» аясында оқыған 8 азаматтың жобасы қаржыландырылды

2017 жылғы 10 Шілде
- Қызылорда облысы
8476 просмотров

Қызылорда облысы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытылған азаматтардың жобасын қаржыландыруды бастады

«Бастау-Бизнес» жобасының екі легінің қорытындысымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушының жобасы қаржыландырылды.

Атап өткен жөн, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ауылдың 367 азаматын «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытып шықты.

«Бастау-Бизнес» жобасы «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған.

Жобаның қатысушылары ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікпен айналысуға әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жұмыссыз азаматтар.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өңірдегі қазіргі таңда пилоттыұ режимде Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары оқытылуда. Жыл соңына дейін алты легпен 937 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін оқытудың екі легі аяқталып, 367 қызылордалық оқып шықты. Қазір үшінші легтің азаматтарын оқытуды бастадық. Үшінші легке 168 азамат өтінім беріп, оның 157-сі тестілеуден сәтті өтті», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Оқу процесі барысында қатысушылар бизнес-тренермен бірге бизнес-жоспарларын әзірлеп, әр легтің қорытындысымен қатысушылар жобаларын Палата жанындағы облыстық комиссия алдында қорғап шығады. Комиссия құрамына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы» ЖШС өкілдері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері енгізілген. Жобасын сәтті қорғап шыққан азаматтарды Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған қарды ұйымдарына қаржыландыру үшін ұсынады.

«Бастай-Бизнес» жобасының екі легінің қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушының жобасы қаржыландырылды. Бұл Қармақшы ауданы тұрғындарының жобалары. Бүгінгі таңда Қор өзге де аудандардағы қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін зерттеп, қарап жатыр», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Байәділ Садиев.

«Өз ісімді, отбасылық бизнес түрін ашуды көптен армандап жүргем. «Бастау-Бизнес» жобасының бірінші легінде бір ай көлемінде оқып, біліктілігімді жетілдірдім. Наубайхана ашу жөніндегі бизнес-жоспарымды облыстық комиссия алдында қорғап, нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жобамды қаржыландырды. 4 миллион теңге несие алдым. Қуанышымда шек жоқ. Мемлекеттің қолдауының арқасында отбасымда жұмыспен қамтылып отыр»,-дейді жас кәсіпкер Ғайни Бекеева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер