АҚШ қазақстандық тауарларды сатып алады
АҚШ орталық командованиесі Орталық Азия елдері компанияларының тауарларын 100 млн долларға сатып алып, Ауғанстанға жеткізбек, деп хабарлайды BAQ.kz.
Бұл мақсатта Орталық Азия елдері өндірушілерінен құрылыс материалдары, жиһаз, электр тауарлары, медициналық тауарлар, генераторлар, естелік және полиграфиялық өнімдер, офистік және тұрмыстық техника сатып алынады деп хабарлайды Америка сауда палатасының баспасөз қызметі.
C-JTSCC келісімшарт бөлімі командованиесі өкілінің айтуынша, АҚШ Орталық командованиесі «Бизнес-Орталық Азия Порталы» жобасы аясында Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркменстан, мен Өзбекстан өндірушелерінен 100 млн долларға тауар сатып алады.
«C-JTSCC Тәжікстан мен Орталық Азия елдерінің бизнесін дамытуға өз үлесін қоспақ. Сатып алулар коммерциялық ұсыныстар аясында жұргізіледі. Мұнда жеке кәсіпкерлер мен Орталық Азия аймақтарындағы компанияларға басымдық беріледі. Сауда C-JTSCC қаржыландыратын «Бизнес-Орталық Азия Порталы» жобасы арқылы жасалады" деді «Бизнес-Орталық Азия Порталы» жобасының менеджері Алмаз Дүйшембиев.
Жоба менеджерінің айтуынша, аталмыш бастама аумақтық бәсекелестіктің дамуы мен жергілікті бизнестің дамуын қолдауға ықпал жасайды. Портал арқылы Орталық Азия елдері кәсіпкерлеріне тегін кеңестер беріліп отырады деп жоспарлануда.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: