«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан электронды сауда шекарасын кеңейтті

2017 жылғы 15 Маусым
7170 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП IV Съездінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен B2B Қазақстан-Швейцария онлайн-сауда алаңының Zoodel өкілдері арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

«Атамекен» жергілікті және халықаралық электронды сауданы дамытуға қызығушылық танытып отыр. Аталған меморандум Ұлттық палата мен өзге де дамыту институттары орындап отырған бизнесті қолдау бағдарламаларының маңызды жүзеге асыру механизміне айналады.

Өзара бірлескен жұмыс халықаралық нарыққа шығу, коммерциялық қатынастардың тығыз дамыту үшін платформалар құру, «Жібек жолы» елдері арасында екіжақты сауда көлемін арттыру арқылы Қазақстан бизнесінің бәсекелік қабілетінің өсуіне ықпал етеді.

Меморандум аясында Тараптар ортақ стратегиялық мақсатқа жету үшін, атап айтқанда Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуде бірлесіп жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде тараптар халықаралық сауда мәселесіне қатысты ақпарат алмасып, көпшілікке қожетімді статистикалық мәліметтер, сараптамалық шолулар, маркетингтік зертеулердің нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік реттеушілік шаралары, оның ішінде сауда мен экспортты дамытуға арналған ортақ іс-шаралары өткізу туралы мағлұматпен бөліседі.

«Ұлттық палата Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы арқылы шағын және орта бизнеске ықпал етеді, негізінен офлайн режимінде, және бүгінгі сәтке дейін Zoodel онлайн-платформасы шағын және орта бизнеске қолдау қаражаты мәселесінде, азық-түлік каталогтарын тарату, іскерлік байланыс орнату және т.б. қосымша білікті көмек көрсетіп келеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«Қазіргі таңда сауданың цифрлық форматының шегі кеңейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл, әсіресе, шетелдік серіктестерді іздеп отырған шағын және орта бизнеске ыңғайлы, сондай-ақ халықаралық нарықта тек ірі ойыншылар ғана бар деген таптаурынды жояды. Сондықтан біз Zoodel сауда алаңына тіркелдік», – деді «Будан» ЖШС директоры Еркен Шакеев.

Бүгінде порталда тіркелген және оның қызметін пайдаланатын қазақстандық өндірушілердің саны мыңнан асты, олардың басым көпшілігі экспорттаушылар. Zoodel отандық тауар өндірушілерді Қазақстан Республикасының ішкі нарығында және оның сыртында да саудаға оқытуға дайын. 2017 жылдың шілде айынан бастап Zoodel сарапшылары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Қазақстанның 160 елді мекенінде жергілікті өндірушілермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр, оларға «Онлайнға шық та, әлем бойынша сауда жаса» жаңа сауда құралдары туралы кеңес береді.

Меморандумға қол қоюдың арқасында Тараптар жергілікті тауар өндірушілердің, әсіресе шағын және орта бизнестің, цифрлық формаға өтуіне, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде, шет елдерде онлайн сауда тәсілімен ұлттық экономиканы дамытуға тың серпіліс берудың жоспарлаған.

Анықтама үшін:

Zoodel – «Жібек жолы» (Иран, Ирак, Ауғанстан, Түркия, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістан, Үндістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ливан, Қытай және Ресей Федерациясы) елдерінен шыққан компаниялардың саудасын жеңілдететін дамыған В2В онлайн алаң.

Zoodel жеткізушілер мен сатып алушыларға жеткізу желісін жетілдіруге әрі шығынды азайтуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер