«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда үздіктерді таңдайды

2017 жылғы 29 Маусым
- Жетісу облысы
4218 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы 30 маусымда өтеді

Талдықорғанда Алматы облысының үздік өндірушілері мен тауарларын анықтау мақсатында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтеді. Бұл байқаудың басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, бәсекеге қабілетті тауарды анықтау және тауар мен қызметті өткізуге ықпал ету.

Қатысушылар өз тауарларын таңғы сағат 9-дан бастап І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылатын көрмеге қояды. Компания өз тауарларын көпшілік назарына ұсынып, комиссия бағалауына шығарады. Биыл Алматы облысының 50 компаниясы сапа байқауына қатысуға ниет білдірді.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтеді. Жеңімпаздарды «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша таңдайды.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы аясында Алматы облысында «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» қосымша аталымы бекітілген. Өңірлік байқау жеңімпаздары ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымын иеленуге үміткерлер қатарына енеді. Жеңімпаздарға кубок пен 200, 150, 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының аясында Алматы облысы тауар өндірушілерінің форумы да ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер