«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Несиені субсидиялауда мәселе көп

2017 жылғы 28 Маусым
5623 просмотров

Кәсіпкерлерді несие шарттарының орындалмауы алаңдатады

«Атамекен» алаңында мемлекеттік субсидиялаумен берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, несие бойынша шарттардың дұрыс орындалмауы, берілетін субсидия қаржысының уақытында түспеуі мәселесі көтерілді. Мұндай жағдайлар әр өңірде орын алған.

Шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов, сонымен қатар ҰКП Өңірлік даму, Экономика департаменттері мен мемлекеттік органдар өкілдері, онлайн-байланыс арқылы өңірдегі кәсіпкерлер қатысты.

Несие мәселесі бойынша Астанадан – 6, Алматыдан – 6, Ақмола облысы – 6, Ақтөбе облысы –2, Алматы облысы –2, ШҚО –6,  Жамбыл облысы – 4, БҚО –3, Қарағанды облысы –2, Қызылорда облысы –4, Маңғыстау облысы – 6, Павлодар облысы – 5, СҚО –2, ОҚО –5 кәсіпкерден несие, несиені субсидиялау бойынша шағымдар түскен. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Төлеміс Шотанов өңірдегі ахуалды кәсіпкерлер ауызынан естіді. Басты мәселе – несиелердің мөлшерлемесі жоғары, берілетін мерзімі қысқа. Жоғары пайыздар кәсіпкерлікті жолға қоюға кедергі болып тұр.

«Субсидиялардың кешігіп төленеуі өңірдегі кәсіпкерлер үшін қиын. Субсидиялар төленеді, алайды уақытынан кешігіп жатыр. Ал мұндай белгісіздік кәсіпкерлер қалтасына ауыр соғады. Жалпы несиені субсидиялау республикалық деңгейден емес, жергілікті әкімдіктер бюджетінен бөлінеді. Несиені алып, субсидиялауды күтіп отырған кәсіпкерлер көп. Түйіткілден шығатын сызбаны қолға алу керек. Бастысы кәсіпкер мүддесі қорғалу керек», – деді Төлеміс Шотанов.

 

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банк пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арасындағы байланыстың төмен деңгейде екенін айтады. Келісім орнамаған, ретсіздік жерде тұтынушы зардап шегіп отыр, тіпті кейбір банктер кәсіпкерлерден кепілзатқа жылжымайтын мүлікті қоюды сұраған.

  «Өңірдегі нақты ахуалды көру үшін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан өтінімдер пулын жинақтауды сұраймыз. Мемлекеттік қолдау тетіктерін банктер мен қаржы ұйымдар арасындағы тиімді байланыс орнату үшін сызбалар әзірлеуге тырысамыз, қажет болса Заңнамаға өзгерту енгізіледі», – деді Руслан Дәленов.

Отырыс барысында өңірдегі кәсіпкерлердің мәселесі жеке жеке қаралды, шағымдар мен тілектер назарға алынды.

Несиені субсидиялауға қаржы жергілікті бюджеттерге жалпылама бөлінетіндіктен, әкімдіктерде субсидияланатын несиелер ескерілмей қалады. Сондықтан кәсіпкерлер әкімдіктерден жеңілдігі бар несие бойынша әр мақұлданған шарт бойынша есеп жүргізуді сұрайды. Кәсіпкерлерге берілген несиелерге алдын ала жүргізілген есеп арқылы жергілікті бюджетті дұрыс әрі уақытында бөлуге мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер