«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерге салынған 40 АЕК айыппұл алынып тасталды

2017 жылғы 23 Маусым
- Қарағанды облысы
5186 просмотров

Осакаров ауданындағы кәсіпкерге салынған айыппұл мен жер салығының мөлшерлемесін 10 есе арттыру алынды

«Рассвет В. Р.» ЖШС директоры Виталий Ранерт кәсіпкерлер палатасына Қарағанды облысы бойынша жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасының үстінен шағым түсірді. Себебі басқарма ауыр шаруашылығы мақсатында берілген жерді пайдаланбағаны үшін әкімішілік жаза белгіленген.

Осакаров ауданы Қарағайлы ауылдық округінде 2016 жылдың 1 сәуірінде жүргізілген жерді түгендеу жұмысының нәтижесінде атқарушы орган ЖШС-ға тиесілі пайдаланылмаған 318 га жайылымды анықтаған. Алайда, инпектордың шешімі негізсіз әрі шындықты бұрмалаған екен. Себебі В.Ранерт жерді 2016 жылдың наурыз айында сатып алған.

Мұнымен қоса, кәсіпкер заң бұзушылық туралы қолына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы алғаннан соң білген. Кәсіпкерге тексеру туралы ешқандай хабарлама, тексеру қойылғаны және оның қорытындысы туралы акті де берілмеген екен. Яғни, тексерілетін нысан өкілінің қатысуынсыз «Рассвет-В.Р.» ЖШС жерін тексеру қалай жүзеге асырылғаны белгісіз.

Қарағанды облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының мемлекеттік инспекторының хаттамасы мен қаулысында «Рассвет-В.Р.» ЖШС не үшін құқық бұзғаны нақты көрсетілмеген – инспектор заңнама нормаларын тізіп шыққан.

Сонымен қатар прокуратура жер учаскесін пайдалану құқығын «Рассвет» шаруа қожалығы бұзған. В.Ранерт жер учаскесін дәл осы қожалықтан сатып алған.

Кәсіпкерлер палатасы мен облыс прокуратурасы мәселені бірлесіп анықтаған соң, кәсіпкердің құқығы мен мүддесі толықтай қорғалды.

«Виталий Ранертке қатысты берілген жарлық айыппұл, яғни 84 840 теңге әкімшілік айыппұл мен 4 872 020 теңге сомасындағы жер салығы алынып тасталды. Біз кәсіпкердің ешқандай заң бұзбағанын дәлелдеп, заң бойынша жұмыс істегенін растадық», – деп хабарлады Қарағанды облысы ӨКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Азамат Дөненбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер