«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Күн тәртібінде құрылыстың өзекті мәселелері

2017 жылғы 22 Маусым
8203 просмотров

Құрылыс саласының мәселелеріне қатыс нақты шешім қабылданады

22 маусымда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі және ТКШ комитетінің отырысы өтті. Жиынға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, сондай-ақ негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен құрылыс саласы қауымдастығының өкілдері қатысты.

Комитет төрағасы Александр Белович қазіргі таңда «Атамекен» атқарып жатқан негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті.

«Негізгі бағыттың қатарында қала құрылысы тұжырымдамасы жобасын әзірлеудің мақсаттылығы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау тарапынан жүргізілетін бақылау-қадағалау шараларын азайту, құрылыстағы мемлекеттік сатып алулар бойынша демпингке қарсы шаралар, құрылысқа берілетін жер учаскелеріне құқық беру процедурасын жетілдіру мәселелері бар», ­– деп саралады Комитет Төрағасы Александр Белович.

Ұлттық палата Басқармасы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасының тапсырмасын орындай отырып, осы жылдың 6 маусымында Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ қаржы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің қатысуымен салалардың өзекті мәселелерін шешуге арналған кездесу өткізді.

Жұмыс бабы бойынша өткен кездесудің қорытындысында экономиканың негізгі салаларына арналған 9 жұмыс тобын құруға шешім шығарылды. Алғаш болып құрылыс, қала құрылысы және сәулет саласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды. Осы жиында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов мен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр жұмыс кестесін бекітті.

Роман Скляр мемлекеттік органдардың Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық палатаның кездесулерінде қаралған негізгі мәселелерге қатысты атқарған жұмысы туралы хабарлады. Қала құрылысы кодексінің әзірлемесіне қатысты пікір білдірді.

«Біз ұсынысты қолдадық. Қалыптасқан процедуралардың барлығынан өтуі қажет, атап айтқанда кодекстің тұжырымдамасын дайындау керек. Кәсіби қоғамдастық кезең-кезеңімен талқылаудан өткізеді», – деді вице-министр.

Өз кезегінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Ұлттық палатаның ұсынысына қолдау білдіріп, бірлесіп әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Комитет мүшелері жекелеген мәселелерге қатысты ойларын ортаға салды. Жобалаушылар қауымдастығының вице-президенті Серік Рустамбеков іздеу қызметі бойынша лицензия санатының жоқтығына қатысты пікір білдіріп, тапсырыс берушілердің жобалауға техникалық тапсырысты сапасыз дайындауына қатысты ескертуін айтты.

«Қауымдастық жобалауға құрылыс нормалары мен ережелерінде бекіткен үлгілік техникалық тапсырмаларды әзірлеуге дайын», – деп ұсыныс білдірді Серік Рустамбеков.

Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарының тексеруіне қатысты мәселе көтерді. Өкілдің айтуынша, бұл тексерулерді реттеу керек, әсіресе Астанада мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органы жергілікті атқарушы органның қолындағы тетік деген желеумен өздеріне тиесілі емес қызметті атқарады.

Сонымен қатар, басқосуда Комитет төрағасы Александр Белович сыртқы инженерлік желілерге қосылған кезде монополистер материал мен жабдыққа қойылатын талапты сұрайды, олардың техникалық сипаттамасы қымбаттауы мен жеткізу мерзімінің ұзаруына соқтырады.

Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов жиынды қорытындылай келе, уәкілетті органмен тыныс жұмыс істеу арқылы құрылыс саласындағы мәселелердің нақты шешімін қабылдау жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Ұлттық палата бүгінде бекітілген кестені жаңа ұсыныстармен толықтыруға дайын. Мәселені жедел шешу үшін жұмыс тобына қауымдастық басшыларының тікелей қатысуын сұраймын», – деп тұжырымдады Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер