«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан-Германия жобасының өндіріс механигі

2017 жылғы 21 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
5871 просмотров

Маман дайындау бағдарламасына «өндіріс механигі» атты жаңа мамандық енгізілді

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасында дуальді білім беруді енгізу» атты Қазақстан-Германия халықаралық жобаны іске асыру аясында Қазақстандағы GIZ өкілдігінің мүшелерімен білім берудің дуалды жүйесі қолға алынған. Маман дайындау бағдарламасына «өндіріс механигі» атты жаңа мамандық енгізілді.

Мамандарды дайындау Өскемен құрылыс колледжі базасында жүргізіледі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы атсалысуымен оқу орынның дуальді білім берудегі негізгі серіктестері «Промтехмонтаж» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ,   «Востокмашзавод» АҚ, «Конденсаторлық зауыт» ЖШС болды.  Шетел компаниялары тарапынан жобаны Helderbergzement компаниясы қолдады. Соның нәтижесінде биыл маусым айында модульды бағдарламаның алғашқы түлектері оқуын бітірді. Түлектердің  білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық және практикалық дайындығын, кәсібилігін анықтау мақсатында  Өскемен құрылыс колледжінің 15 студентке қорытынды біліктілік емтиханын өткізу ұсынысын «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ басшылығы қолдады.

 «Қатысушылар емтиханға  аса жауапкершілікпен қарауы құпталды. Өйткені емтихан практикалық  және ситуациялық сұрақтарды шешу сынды екі күрделі бөлімнен тұрды. Студенттерден ауызша емтихан алу арқылы олардың кәсіби біліктілігі деңгейін анықтауға мүмкіндік туды», – деді ШҚО ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Роза Бисикенова.

 Болашақ механиктер ситуациялық мәселелер шешуде жұмыс істеп тұрған станоктар алдында тұрып білімдері мен біліктіліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ директоры Сергей Баев Елбасының «Қазақстан Стратегиясы-2050» Жолдауында білім берудегі өндірісітк практика маңыздылығын заң тұрғыда бекіту қажеттігін тапсырғанын атап өтті. Сондықтан зауыт пен фабрикалардан өндірістік практикадан өту болашақ маманның тікелей өндіріске бейімделуіне ықпал жасап, жақсы маман болып қалыптасуына әсер етеді.

Біліктілік емтиханы жұмыс берушілердің қатысуымен, сыртқы бағалау процедурасы ретінде өткізілді. Демек, студенттер маман дайындау сапасын бағалаудың тәуелсіз сынынан өтті. Осындай емтихан арқылы жұмыс берушілер мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері жалпы жоба бойынша сараптама жасап, келешекте жетілдіру жолдарын белгіледі.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер