«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» облыстық көрме-байқауы өтеді

2017 жылғы 20 Маусым
- Қызылорда облысы
4926 просмотров

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары - 2017» облыстық көрме-байқауы осы жылдың 22 маусымы күні өтеді. Бұл туралы шара қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова хабарлады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыруды, отандық тауарлар сапасын көтеруді және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті өнімге толтыруды мақсат еткен байқауға Қызылорда облысы бойынша тауар өндірушілер қатысады.

Байқауға қатысушылар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша бақ сынайтын болады.

Жеңімпаздар Астана қаласында «EXPO–2017» шарасы аясында өткізілетін республикалық байқауға жолдама алады.

Көрме-байқау 22 маусым күні сағат: 09.00-де Қызылорда қаласындағы Орталық алаңда басталады.

Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП-сы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастырып келеді.

Жалпы байқауға заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының облыстық шарасына қатысуға ниет білдірушілердің  қатары өткен жылға қарағанда өсті .

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 22 кәсіпкер ниет білдіріп отыр. Мұнан өзге, көрмеде 40-қа жуық жергілікті тауарөндірушілер де өз өнімдерін көрсететін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер