Тимур Құлыбаев Қазақстан және Ресей бизнес-омбудсмендерімен кездесті
«Атамекен» ҚР ҰКП-ның Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовпен және РФ Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титовпен кездесті.
Тимур Құлыбаев кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін елдер арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Ол Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдердің өзара ынтымақтастығы екі мемлекеттің аумағында бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру үшін өте маңызды екендігін айтып өтті.
«Қазақстанда бизнес-омбудсмен инстиуты пайда болған сәттен бері көп уақыт өте қойған жоқ, бірақ бұл институт іс жүзінде өз тиімділігін дәлелдеді. Бизнес-омбудсменнің араласуының арқасында көптеген өзекті мәселелер өз шешімін тапты», – деді Тимур Құлыбаев.
2016 жылы екі елдің бизнес-омбудсмендері өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны бәрімізге белгілі. Оның мақсаты – кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша уәкілдердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытып, қол жеткізген уағдаластықтың арқасында Ресей мен Қазақстан аумағында бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай тудыруды қолдау.
Бүгінгі күні кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдердің өзара іс-қимылдары өз жемісін беруде. Шекаралас аудандарда кәсіпкерлердің ондаған мәселелері жедел түрде шешімін тапты. Бизнес-омбудсмендердің қызметінің арқасында екі елдің кәсіпкерлеріне қатысты бірқатар сот орындаушыларының заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: