«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы мен Люксембург ынтымақтастығы – жаңа бизнестің дамуы

2017 жылғы 15 Маусым
- Алматы қаласы
6947 просмотров

Кәсіпкерлер «Алматы–Люксембург» бизнес форумында экономиканың дағдарысқа төзімді салаларын талқылады

Люксембург бизнесмендері Қазақстандағы сапарларын Экспо–2017 көрмесіне арнады. Көрмеге өз павильондарын қойған Люксембург тарапы ашылу салтанатына тәнті болды. Сонымен қатар шетелдік қонақтар Алматының павильонын тамашалап, әріптестермен танысып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға ниет білдірді.

«Люксембургте экономиканың салалары қарқынды даму үстінде. Қаржы, логистика, заң қызметі ерекше дамыған. Тәжірибеде осы салалар дағдарысқа төзімді екенін анықталды. Люксембургте шамамен 2 мыңға жуық ақпараттық компания бар, онда 16 мыңнан аса адам еңбек етеді және қызметкерлер саны күн санап артып келеді», – деп хабарлады Люксембург Сауда палатасының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Жанно Эрпелдинг.

Сонымен қатар ол Алматы мен Люксембургтың ортақ дүниесі көп екенін алға тартты. Екі қала да өз өңірлерінің орталығы. Алматы – Орта Азияның жүрегі болса, Люксембург – Еуропаның. Екі қалада да теңізге шығатын жол жоқ. Люксембург бұл мәселені үлкен әуежай салу арқылы шешкен. Әуежай жүк тасымалының ауқымы мен көлеміне қарай Еуропада бесінші орынды иеленеді. Таяу арада қала-мемлекет «Еуропа-Гуанчжоу» темір жолы арқылы өзінің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтпек. Бұл темір жолы Қазақстан арқылы өтетініне үмітті. Жанно Эрпелдинг Қазақстан Doing Business рейтингінде Люексембургтен алған шыққанын атап өтті. Сондай-ақ, Люксембургтың Сауда палатасы 1845 жылдан бері кәсіпкерлікке қолдау көрсететінін нақтылады.

«Люксембургте 600 мың халық тұрады. Ал бизнес субъектісі 90 мың. Оның барлығы да Сауда палатасының міндетті мүшелері», – деп нақтылады Жанно Эрпелдинг.

Люксембургте ауыр және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Бұл мемлекет ғарышты да игеруге белсенділік танытып отыр. Бұл салада шамамен 30 компания жұмыс істейді. Ал заң компаниялары ғарыш кеңістігінде меншікті рәсімдеуге арналған құқықтық базаны әзірлеген.

Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастық аса дами қоймаған. Алайда қонақтар салықты екі есе салудың жоқтығы екіжақты қарым-қатынастың үдемелі дамуына оң әсерін тигізетініне үмітпен қарайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер