«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Съезд: өткенге шолу, келешекке бағдар

2017 жылғы 14 Маусым
2015 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі өз жұмысын бастады

2017 жылдың 14 маусымында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Үкімет өкілдері, «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшелері, сонымен қатар Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкіл Борис Титов, ЕАЭО Іскер кеңесі президенті Виктор Христенко жәнеҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың қатысуымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының IV Съезі жұмысы басталды.

"Атамекен" ҰКП Басқарма өкілдерімен Ұлттық палатының атқарған жұмысы бойынша есеп беріледі. Кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнес өкілдері құқықтары мен мүддесін қорғау, адами капиталды дамыту және "Бастау Бизнес" жобасы, мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі, Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жайында толық ақпарат беріледі. 

Съезд қатысушылар кәсіпкерліктің түйіткілді мәселелерін талқылайтын болады. Сонымен қатар шара барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары  Марат Ахметжанов бизнесті қорғау мәселелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық сұрақтары бойынша баяндама жасайды. Сонымен қатар ҰКП Басқармасы бизнес салалары бойынша есеп жасайтын болады.

Шара аясында Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкіл Борис Титов, ЕАЭО Іскер кеңесі президенті Виктор Христенко жәнеҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың қатысуымен брифинг өткізіледі деп жоспраланған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер