«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік нарықтың мәселесін шешу үшін жұмыс тобы құрылады

2017 жылғы 08 Маусым
4322 просмотров

«Туристік Қамқор» қорына 71 туроператор тіркелген, оның ішінде 51 операторда банктік гарантия бар

«Атамекен» ҰКП алаңында көшпелі туризм, оның ішінде «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының жұмысына қатысты талқылау өтті. Аталған қор көшпелі туризм саласында ҚР азаматтарының құқығын әкімшіліктендіру жүйесі ретінде заңнамамен бекітілген.

Видео-байланыс конференциясына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Д.Құрмашева, «Туристік Қамқор» қорының басшысылығынан Ирина Рей мен Асылхан Еділов, сондай-ақ туристік қауымдастық пен компаниялардың өкілдері қатысты. «Атамекен» ҚКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева модератор болды. 

Басқарма Төрағасының орынбасары 2016 жылы қордың мәселесіне қатысты бірнеше жиналыс өткізілгенен атап өтті.

«Былтыр бірқатар жиын өткізіліп, қор бекітіліп, жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында тәжірибе жинап, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде нарықта көптеген сауалдар туындап, ең алдымен оның жұмысының ашықтығына қатысты мәселе көтеріліп отыр. Күні бүгінге дейін Бақылау кеңесі құрылмады. Сондықтан осы жиынды жоспарлы түрде өткізіп, түйткілді мәселелерді көтеріп, тиісті жауап алуымыз керек», ­– деді Юлия Якупбаева.

Өз кезегінде «Туристік Қамқор» қорының төрайымы Ирина Рей қор қызметінің кезеңдерімен таныстырып өтті.

«Қор өте күрделі кезеңде жұмысын бастады. Біз бір уақытта талқылап, бекітіп, тиісті құжаттарды жинап, жұмысты бастап кеттік. Көптеген кездесулер өткіздік. Қордың жұмысын, оның механизмін, яғни әкімші шоты мен банктік кепілдікті түсіндіруге қатысты жиын өзге қалаларда да болды. Банктермен де, туристік нарықпен де кездесулер ұйымдастырылды. Бүгінде қорда 71 туроператор тіркелді, оның ішінде 51 туроператорда банктік кепілдік бар, ал қалғандары рәсімдеу үстінде. Туроператорлар базасын жасағанда қолданыстағы реестр дұрыс еместігі анықталды, оған барлық туроператорлар енгізілмеген», – деді Ирина Рей.

Қор төрайымының айтуынша, реестрде тіркелген, алайда жұмысын тоқтатқан туроператорлар да бар екен. Мыңға жуық компания тексерілген, оның ішінде 40-қа жуығы лицензиясын өткізіп, қызмет түрін турагенттікке өзгертуді. Осы жылдың маусым айына дейін компанияларды түгендеу жұмысы аяқталады. Дегенмен, кейбір компаниялар ақпарат беруден бас тартып, байланысқа шықпай отырғандығын алға тартты.

«Жұмыс барысында нақты туристке сатылған әр жолдамадан әкімшінің шотына түсетін қаржыны бекіту механизмін ойлап таптық, ол үшін арнайы бағдарламаны жасауға тапсырыс бердік. Бұл бағдарлама бухгалтерлік қызметті жеңілдетуге, сондай-ақ туристік код алған туристің қай жерде екенін білуге мүмкіндік береді. Бүгінде қордың сайтын жетілдіріп, барынша ақпарат алуға болатындай етіп жасадық», – деді Ирина Рей.

Сонымен қатар қордың жұмысына кедергі келтіріп тұрған жайттар да бар. Көптеген туроператорлар Кепілдік беру жүйесіне мүше болмай отыр. Екіншіден өкілетті органқа ведомстволық жатудағы өзгеіс те Қор кеңесінің құрамын бекітуді, Кеңес отырысын өткізуді кешеуілдетіп отыр.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Ұлттық палата алаңында жұмыс тобын құрып, Қор кеңесінің құрамын, оның ережесін талқылауға ұсыныс берді.

Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова қор жұмысына қатысты бірнеше мәселені көтерді.

«Қордың механизмдерін талқылаған кезде-ақ барлық туроператорларға белгіленген банктік кепілдікке қарсылық таныттық. Себебі туроператорлардың көбі мұндай кепілдікті қамтамасыз етуге қауқарсыз. Бүгінде қаржылық кепілдікті алып тастауды ұсынамыз. Себебі қаржылық кепілдікті қамтамасыз ете алмай отырғандықтан қорға мүше болудан бас тартады. Екіншіден, нарықтың сенімділігі мен қор жұмысының ашықтығы да үлкен мәселе. 2016 жылдың 31 желтоқсанында Шардж-Алматы бағытында туристерді алып келу кезінде шешімді кім қабылдады, қандай сома туралы әңгіме қозғалды, өтінім түсті ме? Әкімші шотына ақша аударып отырған туроператорлар осы сауалдарға жауап алғысы келеді. Сонымен қатар, туроператорлар туристік кодтарды сатып алады, туркод сомасына ҚҚС қосылады ма?» – деді Рашида Шайкенова.

Қауымдастық басшысы кеме жалдаушы-туроператорлар қорда жеке санатқа жатқызылғанын, алайда олардың барлығы бірдей рейс жалдамайды, блок-орындарды бөлетіндігін айтты.

Юлия Якупбаева мәселелер қордаланып қалғанын атап өтіп, бір ғана жиналыста шешу мүмкін еместігіне назар аударды. «Барлық мәселені тақырыптарға бөліп, тиісті органдармен талқылап, шешу керек» деген ұсыныс білдірді Юлия Якупбаева.

«Туристік Қамқор» төрайымы Ирина Рей көпшілік тарапынан қойылатын сауалдардар сайттағы «Сұрақ-Жауап» айдарында жинақталатынын атап өтті.

Жиын барысында өңірлердегі туристік нарық өкілдері сауалдар қойып, талқылауға атсалысты.

Видео-конференция соңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов сөз алып: «Көшпелі туризм нарығына жағдай жасаймыз, себебі – сұраныс бар, соған лайықты жоғары деңгейде ұсыныс болы керек. Қордың жұмысына келер болсақ, қаулы қабылданды, сондықтан Қордың мүшелігіне өтпеген туроператорлар құқықтың алаңнан тысқары қалады. Бұған жол бермеу керек. Кеңес отырысын 20 күннен кешіктірмей өткізуге уәде беремін. Бізге «Қамқордың» тәжірибесі маңызды, себебі алдағы уақытта нарыққа көптеген құзыретті береміз. Сондықтан нарықтың өзін-өзі реттеуге дайындығын түсінудің маңызы зор. Көп кешіктірмей жұмыс тобын құрып, мәселелерді талқылап, уәкілетті органға жолдаймыз. Қор жұмысының қорытындысына қарай нарықтың жағдайын анықтап, ұсыныстар әзірлейміз», - деп тұжырымдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер