Іскер ханымдардың ісіне жоғары баға берілді
Отбасылық кәсіпкерлік экономиканы тұрақты әрі үдемелі дамытуға сеп
ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің «Қазақстан бизнес-идеялар жерұйғы» атты ІІІ Конгресі ҚР Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдауымен өткізілді.
Шараның екінші сессиясында ҚР Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен еліміздің алдында дамудың жаңа дәуірі тұрғанын айтты.
«Елбасы Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының басты бағыттарын айтқан болатын. Осы міндеттерді орындауда халықтың жартысынан көбін құрайтын әйелдер қауымы белсенді жүзеге асырып келеді. ҚР Парламентінде әйелдер үлесі – 2,7% құрап отыр. Ал 2006 жылы бұл көрсеткіш –1,4 % болған. Сол сияқты басқа да салаларда әйелдердің үлесі зор», – деді Ләззат Сүлеймен.
Спикердің айтуынша, әлем қоғамдастығы Қазақстанның қалыптасуын мойындап отыр. Кешегі Алматыда өткен Универсиада, Бүгінгі Экспо-2017 сынды орасан жобалар алдағы қолға алынбақ ірі жобалардың бастауы ғана. Сондай-ақ, Ләззат Сүлеймен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізі әйелдерге арналғанын айтты.
«Мемлекет басшысының мақаласында халық бәсекеге қабілеттілігін арттырса, экономикамыз дамиды делінген. Яғни қоғамның әр мүшесі белсенді болса игі. Бұл ретте іскер әйелдердің атқарар міндеті зор болмақ», – деді Ләззат Сүлеймен.
Экономика дамуындағы қызмет көрсету саласының әлеуеті туралы ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева баяндама жасады. Отандық нарықтағы қызмет көрсету саласында әйелдердің белсенділігі жоғары. Мәселен, туризм саласында әйелдердің үлесі 80%-ды құрап отыр.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жеке меншік медициналық мекемелердің, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылған балабақшалардың қызметіне тоқталды. Аталған салаларға қойылатын санитарлық нормалар мен ережелерді азайту жұмыстары атқарылып отырғанына назар аударды.
Сонымен қатар қызмет көрсету саласы жұмыспен қамтып отырған ауқымды сала екенін атап өтіп, ЖІӨ-ге қосқан үлесі 56% екенін ерекше атады.
«Атамекен» ҰКП заңнамаларға өзгерту енгізіп, қызмет көрсету саласына ыңғайланғаны туралы «Әйелдер бизнесі қарқынды дамып келеді. Біздің экономикамызда бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалған. Сондықтан ээкномиканы дамытуға, жұмыспен қамтуға үлес қосып отырған жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Юлия Якупбаева.
Спикер сонымен қатар қызмет көрсетудегі бірнеше іскер әйелдердің аттарын атап, қошемет білдірді.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов өңірдегі әйелдер белсінділігін айтты. Іскер әйелдер кеңесінің республикалық мәнге ие болып жатуында Лаззат Рамазанованың қосқан үлесін атап өтті.
«Біздің өсуде тірегіміз қандай? Ең алдымен тіреу факторлары отбасыдан басталады. Ал отбасында шаңырақ шырақшылардың еңбегі ерен. Әйелдер жұмысына жанын салады, өз баласындай қарай, сол арқылы олар бастаған істе тәртіп, береке, өсу бар. Кәсіпкер даналап жүретін дара адамдар. Мыңнан бір кездесетін мұндай тұлғаларсыз экономиканы дамыту өте қиын», – деді Төлеміс Шотанов.
«Кәсіпкер ер адам ісін толықтай кәсіпке арнай алады, ал әйел адамға отбасы, үй, жұмысты қатар алып жүруі қиын. Соған қарамастан олардың белсенділігіне көз қуанады. Елбасы Жолдауында отбасылық бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлді. Бізге тағам дайындау, наубайхана, тігін саласындағы отбасылық бизнес тұрақты әрі қарқынды дамытуға көңіл бөлу керек. Біз осы саланың артықшылықтарын түсінуіміз керек деп ойлаймын», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов.
Конгрес барысында Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова Маңғыстау облысына атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерін ерекше қамқорлыққа алып, шәкірт тәрбиелеуіне жағдай жасауға ұсыныс білдірді.
Конгрессте Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымдарына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Өз ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі табысталды. Марапат иелерінің қатарында Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева, Қостанай облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Ахметова, Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова, Шығыс Қазазақстан облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова бар.
Жиын қорытындысында «Атамекен» ҚКП Іскер әйелдер кеңесінің «Қазақстан – бизнес-идеялар жерұйығы» тақырыбында өткен ІІІ Конгресінің деларациясы қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: