Электронды сауда шекаралар мен кедергілерді жояды
Қазақстан-Қытай Іскер кеңесінің төртінші отырысында электронды сауда әлеуеті талқыланды
Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі сессия барысында электронды сауда дамуына «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Нұржан Әлтаев қысқаша шолу жасап, «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директоры Дінмұхамед Әбсаттаров еліміздегі электронды сауда жайын баяндады.
«Электронды сауда нарығында Amazon немесе AliExpress алпауыттардың жетістігі орасан. Электронды сауда саласы әлі де қарқынды даму үстінде, сондықтан келешекте бұл үдеріс дәстүрлі сауда саласында түбегейлі өзгертеді.
«Alibaba Group» жылдық табысы 15 млрд АҚШ долларын құрайды, «eBay» табысы 8,5 АҚШ долларын құраса, «Amazon» сауда айналымы 107 млрд. АҚШ долларына тең. «Alipay», «PayPal» сынды төлеу жүйелері жетіліп келеді. Жапондық «Dokomo» немесе швециялық «WyWallet» телекоммуникациялық операторлардың аяқ алысы жаман емес. «Facebook» пен «Google» да өз төлем алаңдарын құруда», – деді Нұржан Әлтаев.
Әлем нарығында АҚШ-тың e-commerce бөлшек саудасының жалпы көлемі 305 млрд АҚШ долларына тең(6,44%). Австралияда – 8 млрд АҚШ доллары(9,8%), Қытай – 207 млрд АҚШ доллары(8,4%), Ресейде – 4,7 АҚШ долларына тең (4%). Жалпы әлем нарығындағы электронды сауда айыналымы 2015 жылы 2 трлн АҚШ долларын құраған.
Шара барысында еліміздегі электронды сауда әлеуеті жайлы «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директоры Дінмұхамед Әбсаттаров Қазақстанда 2015 жылы электронды сауда 155,7 млрд теңгені құрағанын айтты.
Ал әлемдік тәжірибеде электронды саудада электронды қаражат айналымы, ақпарат алмасу, сақтандыру қызметі, банкинг, маркетинг пен ақшаны қамтиды. 2015 жылы барлық коммерциялық сипаттағы құқықтық қатынасты қосқанда 693,4 млрд теңге болған.
«Елімізде 16-74 жас аралығындағы интернет қолданушылар саны 13,6 млн. Жалпы халықтың 80,2% интернетті пайдаланады. Бұл электронды сауда жүргізуге қажетті сан. Ал онлайн сауда жасауда әйелдер жағы белсенді – 64%. 2015 жылы электронды саудадағы ең көп сатылған тауар – әйелдер косметикасы – 21%, ал 2017 жылы құрылыс материалдар мен қаттарға ден қойылған. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету, сырттан жабдық алдыру (11,1%), автокөліктің қосалқы бөлшектері (11%), киім (10%) сатып алынады», – деді Дінмұхамед Әбсаттаров.
«Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры айтуынша электронды сауданы почта арқылы тапсырыс берушілер кеден салығынан босатылады. Ай сайын 31 келіден, 1000 еуродан аспайтын тауарға рұқсат етіледі. 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін 1000 еуроны 500 еуроға дейін азайтылады. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 200 еуроға дейін азайту көзделуде.
«Қазақстан нарығында киім-кешек интернет дүкені көш бастап тұр. Оның жылдық табысы 235, 5 млн АҚШ долларын құрап отыр. Қызмет көрсету саласындағы «Air Astana» компаниясы онлайн қызметінің жылдық табысы – 247 млн АҚШ долларға тең», – деді Дінмұхамед Әбсаттаров.
Шара барысында сонымен қатар «Зудел» электронды дүкені туралы таныстырылым жасалды. Бүгінде «Зудел» көп мемлекетті қамтитын сауда жасау порталы. Порталға кәсіпкерлер өнімдерін енгізіп шетел, оның ішінде Қытай нарығына шаға алады. Өнім түрлері негізгі порталға ілініп, ұйымдастырушылар соынмен қатар дербес интернет дүкенін құрады. Осы қызметке бар жоғы 1300 еуро ақы алынады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: